Құқық

Заң қадағалауы — құқық сақталуы кепілі

Қадағалау

Құқықтық статистика жәнеарнайы есепке алу жөніндегі комитеті Ақтөбе облысы бойынша басқармасының басым бағыттарының біріқұқық қорғау органдарының қылмыстық құқықбұзушылықтарды жасыру деректерін анықтауы.

Жыл сайын қараусыз қалған көптеген материал зерттеледі, олардың бірқатары қоғамдық көлікте жасалатын бөгденің мүлкін ұрлау және ұсақ ұрлықтар болып табылады, ал мәлімдемелерде олар жоғалту фактісі деп көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау кезінде полиция қызметкерлері «егер сіз жоғалту туралы мәлімдемеде көрсетсеңіз, олар тезірек табады»деп сендіреді. Ал іс жүзінде мүлікті жоғалтқан кезде ешқандай іздестіру шаралары жүргізілмейді.

Мысалы, қарсы тексеру кезінде маршруттық автобуста мүлікті ұрлау фактілері анықталады, онда жәбірленушілер өтінішті қабылдау кезінде қызметкерлердің жоғалту туралы өтініш жазуды сұрағанын растайды.

Статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, қылмыстық құқықбұзушылықтар туралы келіп түскен барлық хабарламаның тек 10 пайызы бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылданады, 50 пайызы қараусыз қалады, шамамен, 40 пайызы басқа қызметтер мен ведомстволарға, оның ішінде әкімшілік жауапкершілік жәнет.б.жазаға тарту үшін беріледі деген қорытынды жасауға болады.

Яғни барлық хабарламаның 90 пайызы қылмыстық құқықбұзушылықтарды жасыруға қайта тексерілуі керек.

2022 жылы басқарма қылмыстарды есепке алудан жасырылған 75 қылмысты анықтады, оның ішінде алаяқтық әрекеттерді тіркеу, ақшаны қайтармау, қандай да бір міндеттемелерді орындамау жәнет.б. фактілері бар.

Тараптар арасында шарттық қатынастар туындаған жағдайларда олар Азаматтық кодекспен реттеледі.

Сондай-ақ ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес «жазбаша нысанда жасалған және сот жарамсыз, ойдан шығарылған немесе жалған деп танымаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде қылмыстық істер қозғалмайды».

Айта кету керек кез келген ақша салымы екі тарап үшін де қауіп болып табылады. Келісімшарттың орындалмағанын алаяқтық әрекеттер деп дәлелдеу өте қиын. Осыған байланысты азаматтарды қырағы болуға және күмәнді қаржылық салымдарға түспеуге шақырамыз.

 А.ӨТЕГЕНОВ,

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, әділет кеңесшісі.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button