Хабарлама!

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қала және облыс тұрғындарының назарына 2023 жылғы 1 сәуірде жеке тұлғалардың 2022 жылға көлік құралдарына салық төлеу мерзімі аяқталатынын жеткізеді. Өсімпұлды есептемеу үшін төлем мерзімінде жүргізілуі қажет.
Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталында орналыстырылған салық калькуляторының көмегімен немесе «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында дербес есептеуге болады.
Сонымен қатар, салық органдары есептеген алдағы салық сомалары “Каспий банкі” АҚ және “Халық банкі” АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалар түрінде жіберілді.
Есептелген салық сомаларын «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Электронды сервистер»→«ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі» сервисінде, сондай-ақ «Каспий банк» АҚ, “Халық банкі” АҚ мобильді қосымшаларында көруге болады.