Басты жаңалықтарМереке

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов қобдалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Қобда ауданында «Отан Ана» орталық саябағында киіз үйлер тігіліп, жергілікті қолөнершілер мен оқушылардың түрлі бұйымдарының көрмесі қойылып, Наурыз мейрамы тойланды.

Өңір басшысы аудан тұрғындарымен кездесіп, жергілікті шығармашылық ұжымдар ұйымдастырған концерттік  бағдарламаны тамашалады.

💬 «Құрметті жерлестер, қобдалықтар! Баршаңызды береке мен бірліктің, мейірімділік пен татулықтың бастауы Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Биылғы жылдың басы аудан тұрғындары үшін сынақпен басталды. Бірақ осы уақытша қиындықты ауызбіршілікпен еңсеріп, ынтымағымызды көрсете білдік. Барлық республика халқы көз тігіп, алаңдаушылық танытып отырған кезде қобдалықтар татулығымен, елжандылығымен жұртшылықты тәнті етті. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» демекші, өңір-өңірден жерлестеріміз көмек қолын созып, мейірбандылығын білдірді», – деп облыс әкімі Ералы Тоғжанов қиын шақта бір болып, түсіністік білдіргендері үшін қобдалықтарға алғысын білдірді.

Сондай-ақ, аралас жекпе-жекте жеңіліс көрмеген қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов Қобда халқын қолдауға және көктем мен жаңару күні – Наурыз мейрамымен құттықтап келді.

💬«Баршаңызды ұлы және тамаша Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Әр отбасына жаңа жылда денсаулық, бақыт және амандық тілеймін. Қандай жағдай болмасын, біз әрқашан сізбен біргеміз», – деді Шавкат Рахмонов.

Спортшы ақтөбеліктерге жан-жақты қолдауы мен сенімі үшін ризашылығын білдірді. Өз кезегінде ол өз атынан ауылдағы зардап шеккен бір отбасыға үй салып, сыйлайтынын жеткізді.
Аудан орталығында Наурыз мейрамы мәдени, ойын-сауық іс-шараларымен, спорттық жарыстармен, сондай-ақ Қобда тұрғындары мен қонақтары үшін кең дастарханмен жалғасты.

💬  «Бүгін, көктемнің осындай тамаша күнінде біз сіздерге, Ералы Лұқпанұлына, бізді, қобдалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтауға келгеніңіз үшін өте қуаныштымыз және ризашылығымызды білдіреміз. Әрбір отбасы жаңа жылда үйде амандық пен бақыт болғанын қалайды. Су тасқыны басталғаннан бері сіз әрқашан бізбен бірге болдыңыз және осы күнге дейін қолдау көрсетесіз. Барлық ауыл тұрғындары керемет мерекелік көңіл-күйде. Су тасқынына қарсы іс-шараларға тікелей қатысуыңыздың арқасында бәрі бір қалыпқа келуде. Барлығын көктемгі күн мен түннің теңелу мейрамымен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық тілейміз», – деді Насифа Алдарбекова.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button