Жаңалықтар

Көшпелі емхана — Қарғалыда

«Ауыл аманаты» керуені

Ақтөбелік дәрігерлер «Ауыл аманаты» керуені аясында ауыл тұрғындарының денсаулығын тексерді.

Наурыз мейрамының алдында Қарғалы ауданының тұрғындары облыс орталығынан келген білікті дәрігерлердің қабылдауында болды. Дәрігерлер алдымен Бадамша ауылында қабылдау өткізіп, кейін Петропавл ауылына жол тартты. Кардиолог, невропотолог, педиатр мамандары Бадамшаның 51 тұрғынына көмек көрсетті. Ауыл тұрғыны Тасболат Нығметов ақ халаттыларға көріну үшін немересін де ертіп келіпті. Ол кішкентайының денсаулығын тексеріп, қажетті кеңес бергені үшін балалар дәрігері Зухра Алырзинаға алғысын жеткізді.

Дәрігерлер сапарын Қосестек пен Ш.Қалдаяқов ауылдарында жалғастырды. Керуен жетекшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рустем Исаевтың айтуынша, керуенге ілесе келген дәрігерлер алдына келген науқастардың жағдайын біліп, кеңесін береді. Сонымен қатар олар қариялардың үйлерін өздері аралаған.

Жергілікті тұрғындарды ары-бері сабылтпай, өз ауылында тексерілуге мүмкіндік бергені үшін ауыл адамдары ақ халатты абзал жандарға алғысын жеткізді.

Бақыт ИМАШЕВ,

Қарғалы ауданының құрметті азаматы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button