Ресми

ҚҚС асып кету мерзімдерін қысқарту туралы

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салықтық әкімшілендіруді жақсарту мақсатында 01.01.2023 жылдан бастап күнтізбелік жүз елу бес күннен жетпіс бес жұмыс күніне дейін тұрақты емес экспорттаушыларға (Салық Кодексінің 429-бабы 3-тармағының шарттарына сәйкес) ҚҚС асып кетуін қайтару мерзімдерінің қысқартылғаны туралы хабарлайды.

Бұлретте, нөлдік ставка бойынша салық салынатын халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиа компаниялардың әуе кемелеріне құю кезінде жанар-жағармай материалдарын өткізетін субъектілердің тізбесіне «жерге қызмет көрсету қызметтерін жеткізушілер»енгізілді.

Сонымен қатар, өңдеуші өнеркәсіпті ынталандыру үшін Салық кодексінің 434-бабына ҚҚС асып кетуін қайтару бөлігінде, Өңдеуші өнеркәсіптің өз өндірісінің тауарларын өндірушілерге ҚҚС асып кетуін қайтару сомасын нақтылай отырып, тұрақты және тұрақты емес өткізу шарттарына сәйкес келетін түзетулер енгізілді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button