Білім

Ақтөбелік студент Қазақстанның атынан аттанды

    • Фестиваль

Норвегия елінде ISFiT Халықаралық студенттер фестивалі басталды. Бұл ауқымды шараға еліміздің атынан Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша 4-курс студенті Меруерт Өтембет қатысып жатыр.

ISFiT — екі жылда бір рет өткізілетін барлық мамандықтағы студенттерге арналған әлемдегі ең үлкен тақырыптық студенттер фестивалі. Осы жылы ISFiT командасы 3000 үміткердің ішінен қатысушыларды мұқият іріктеді.

Іріктеуден өтіп, әлемнің  түкпір-түкпірінен келген 400-ге жуық студент Норвегияның Тронхейм қаласында кездесіп, бірегей халықаралық тәжірибе жинайды. Екі апта ішінде студенттер диалог алаңдарында жаһандық мәселелерді талқылап, шешімдерін іздейді. Биылғы фестивальдің тақырыбы — «Мәдени және әлеуметтік поляризация». Фестиваль тақырыбы әр жылдары өзгеріп отырғанымен, халықаралық күн тәртібінің әлеуметтік және саяси аспектілерімен тығыз байланысты болады. Фестиваль 19 ақпанға дейін жалғасады.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button