Білім

Беделі биік білім ордасы

    • Белес

Ақтөбе қаласындағы Оңтүстік-батыс ауданында орналасқан №10 орта мектептің  ашылғанына 20 ақпанда 10 жыл толады. Содан бері жас ұрпаққа сапалы білім, саналы  тәрбие беріп келеді. Сыйымдылығы 600 орындық білім шаңырағында 1386 оқушы білім алады. Мектеп заман талабына сай материалдық базамен жабдықталған.

Соңғы 3 жыл бойы оқушыларымыздың да білім сапасы (57-59%) тұрақты.

Мектебіміз облыстағы орта білім беру ұйымдары арасында өткен «Биіктерге бірге» үздік спорттық жоба байқауында «М+» типті спорттық жабдықтар үшін берілген грантты иеленді.

Қазір білім шаңырағында 97 педагог еңбек етеді. Сондай-ақ әлеуметтік педагог, тәлімгер,  логопед-дефектолог, хореограф, психологтар бар. Мектеп мұғалімдері жыл сайын  білім беру саласының дамуына зор үлес қосқаны үшін Оқу-ағарту министрлігі, облыстық білім басқармасы, қалалық білім бөлімі, облыс және қала әкімдігі атынан марапатқа ие болып жүр.

Педагогтер жыл сайын жаңашылдық бағыттағы жұмыстарын қалалық, облыстық деңгейдегі семинар, вебинар, дөңгелек үстелдерде таныстырып, облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда өз тәжірибелерімен бөлісуде.

2020 жылдан бері «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында креативті педагогтің ішкі ұмтылысын дамыту» тақырыбында эксперимент алаңы ашылып, жұмыс жасап жатыр.

2015 жылдан бері педагогикалық шеберлік орталығымен бірге республикалық жоба аясында білім беру саласындағы инновацияларға қолдау көрсетіп, кәсіби қоғамдастықтар негізінде педагогтердің тәжірибесін таратуға ұйымдастырушылық-әдістемелік жағдайлар жасайтын жетекші мектеп қызметін де абыроймен атқарып келеді.

Оңтүстік-батыс ауданы балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін мектеп алаңында барлық жағдай жасалған: баскетбол, футбол, волейбол корттары бар. Қысқы спорт түрлерімен шұғылдану үшін мәнерлеп сырғанау және хоккей корты жасақталған. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай шаңғы қоры да жеткілікті.

Қалалық мәслихат депутаттарының қолдауымен мектеп  ауласына Workout балалар ойын алаңы жасақталды.

Мектебіміздің ұстаздары шәкірттерін әлі де білім нәрімен сусындатып, мектебіміздің мәртебесі мен еліміздің абыройын асқақтатуға өз үлестерін қоса бермек.

Г.ҚАЙСАРОВА,
№10 орта мектептің әдістеме ісі жөніндегі орынбасары.
Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button