Білім

Әкелер клубының мүшелері кездесті

    • Семинар

Қалалық №39 орта мектебінде «Құқықбұзушылық және ата-ананың жауапкершілігі» атты семинар өтті. Оған облысқа белгілі спортшылар мен «Бәйтерек» әкелер клубының мүшелері қатысты.

Іс-шараның мақсаты — мектеп пен отбасының өзара байланысын нығайту. Семинар барысында әкелер өзара пікір алмасты. Сонымен қатар заң қызметкерлері құқықбұзушылық пен ата-ана жауапкершілігі жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мектеп қабырғасында «Арлан» және «Бәйтерек» клубтары жұмыс жасайды. Бұл клубтың құрылғанына көп бола қоймаса да, атқарылған істері көп. Оның жұмысын жандандыру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Мәселен, жақында клуб мүшелері жергілікті аралас жекпе-жек спортының чемпиондарымен және футболшылармен кездесу өткізді. Оқушылар спортшылармен дидарласып, көкейінде жүрген сұрақтарына жауап ала алды, — деді әкелер клубының мүшесі Бағдат Сейілхан.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button