Білім

Қайырымдылық жасайық!

    • Жәрмеңке

№42 орта мектептің «Бірлік» еріктілер клубының мүшелері және 8-сынып оқушылары бірлесіп қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Бұл шараға 60 оқушы атсалысты. Балалар жәрмеңкеге үйлерінен пісірген тағамдарды әкеліп, арзан бағада сатты. Түскен қаражатқа аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсетілді. Үй жағдайында оқитын 3 оқушыға тәттілер, 2 оқушыға қыстық, спорттық аяқкиімдер сатып алынды.

Адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, қолдан келген жәрдемін  ұсынып, достық пейілдерін таныта алатын балалар өсіп келе жатқаны қуантады. Мектебіміздегі әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға көмек көрсеткен балаларға мектеп ұжымы атынан үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да осындай игі істер жалғасын табады деген сенімдеміз.

Ақтоты ТӨРӘЛІ,
№42 орта мектептің әлеуметтік педагогі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button