Пікір

Ел іргесі сөгілмесін

Серік РАЙЫМБАЕВ,

зейнеткер.

Жүрекке өшпестей жара салған қаңтар қасіретіне бір жыл болды.Бұл оқиға бәрімізге де өте ауыр тиді.Алаңға шыққан бейбіт халықтың наразылығын ниеті өзге топтар пайдаланып кеткенін көзіміз көрді. Әсіресе Алматыдағы ахуал күрт шиленісті.Әкімдік ғимараттары өртке оранды. Бәрінен қорқыныштысы қару-жарақ дүкендерінің тоналып, көшеде атыс басталып кеткені. Өкінішке қарай, адам шығыны көп болды. Егер Мемлекет басшысы дер кезінде ел тізгінін қолына алмағанда бүгінгі күйімізді көзге елестетудің өзі қорқынышты. Елді ойрандағандар  ұсталды. Енді олар заң алдында жауап береді. Жаныма қатты бататыны — көптеген жастарымыздың лаңкестердің арбауына еріп, арандап қалғаны. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ештеңені білмей арандап қалғандарға рақымшылық жасайтынын айтқан болатын. Бізге елдің тыныштығы ауадай қажет. Аналар мен балалар жыламасын. Ата-бабамыз ел басына қатер төнген сын сағаттарда ауызбіршілігінің арқасында ұлан-ғайыр жерімізді қорғап қалды. Бабаларымыз талай қасіретті күндерді басынан өткерген. Қиындыққа шыдаған. Бүгінгі күніне шүкір еткен.Біз — солардың бүгінгі ұрпағымыз. Тәуелсіз еліміздің күні жарқырап, көк байрағымыз желбіреп, қыранымыз қалықтай берсін. Алладан тілейтінім де осы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button