Жаңалықтар

Кітапхана базасында алғашқы Smart-орталық ашылады

Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында жергілікті жастармен питчинг өткізілді. Іс-шара барысында қатысушыларға қолданыстағы кітапхана базасында SMART-CENTRE жаңа жастар жобасы ұсынылды. Жобаны облыс әкімдігі «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы — «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен Q88Қазақстан урбанистер қауымдастығымен ынтымақтастықта іске асыратын болады.

«Жобаның миссиясы — Ақтөбе облысы жастарының басын біріктіру, жастарға одан әрі табысты өмір сүру және мансап үшін қажетті дағдылар мен білімді жетілдіруге, Soft skills дағдыларын дамытуға көмектесетін, бос уақыттарында сәнді, заманауи және шығармашылықпен айналысатын  орын құру», —деп атап өтті жоба авторлары.

Сонымен қатарС.Жиенбаев атындағы кітапханасында цифрлық желі іске қосылып, дербес қызмет көрсету жүйелері енгізілмек. Бес мың жаңа кітап сатып алынды. Жобада оқу залдарынан өзге тақырыптық аймақтарды құру қарастырылған: блог түсіруге арналған студия, дауыс жазу студиясы, NFT зертханасы, коворкингтер, камині бар музыкалық қонақ бөлме, мультифункционалды іс-шара кеңістігі, қаладағы ұйымдар жиналатын қауымдастық кеңістігі, тақырыптық кітап залдары, тик-ток түсіру аймақтары, оқу аймағын құру, басқа да жұмыстарды аяқтау алдағы мамыр айына жоспарланған.

Жобаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлу жоспарланбаған. Ақтөбе жастарына арналған жаңа кеңістіктің пайда болуына «Samruk-Kazyna Trust»Корпоративтік қоры демеушілік етеді.

Q88 Қазақстан урбанистер қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, кітапханада интеллектуалдық жаңа жастар SMART-CENTRE пайда болады. Мұндағы барлық бөлме тек визуалды түрде ғана емес, сонымен қатар концептуалды түрде де өзгермек.«Бұл жобаның міндеті — жастардың мұнда кітап оқып қана қоймай, бос уақыттарын өткізуіне, демалуын, қызығушылықтарын одан әрі дамытуына жағдай жасау. Ол үшін кеңістікті ашық-жарқын, қызықты, жаңа мүмкіндіктерге толы ету. Бір сөзбен айтқанда, бұл кеңістікті жастардыңекінші үйінеайналдыру», — деді қауымдастық өкілдері.

Іс-шара интерактив форматында өтті, оның барысында SMART-CENTRE құру кезінденысанныңқызметі мен сыртқы келбетіне қатысты жастардың талап-тілектері тыңдалды. Бұған қоса, кері байланыс арқылы болашақ жобаның залдарын таңдаулы әдебиеттер базасымен толықтыру жоспарланып отыр.

Бұл жобаны талқылау үшін идея авторлары бесрет кездесті. Бұған дейін жоба облыс әкімі, мәслихат депутаттары, және көпшілік қауымнан қолдау тапқан болатын.

Н.ДӘНЕКЕРОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button