Жаңалықтар

Жаңажылдық қойылым 

Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармониясы 21-30 желтоқсан күндері жаңажылдық қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырады.

Осы акция аясында «Элла» атты жаңажылдық музыкалық ертегілік қойылымның ашылу салтанаты өткізілді.

Ертегілік қойылымды тамашалауға «Ана мен бала денсаулығын қорғау» және «Аяла» балаларды оңалту, «Дети солнца Актобе»  орталықтарынан және «Аққу» мүгедек балалар қоғамдық бірлестігінен 400-ге жуық бала қатысты.

Мерекелік қойылымға жиналған балалар назарына жаңажылдық бағдарламалар ұсынылып, сыйлық таратылды.

Жаңажылдық қойылымнан қызым ерекше әсер алды. Балалар — біздің болашағымыз. Сондықтан оларды әрдайым мерекелік шараларға апаруымыз керек. Қызым өте қабілетті, сурет салғанды жақсы көреді, — деді қала тұрғыны Алтынай Нұрқатова.

Мерекелік думанға қатысқандардың бірі — «Аяла» балалар орталығының бас дәрігерінің оңалту қызметі бойынша орынбасары Гүлнар Мәмбетжанова.

Біздің орталық мүмкіндігі шектеулі балаларға төрт бағытта қызмет көрсетеді. Орталық оңалту емдік шараларын жүргізеді. Орталықта 100-ге жуық маман жұмыс жасайды. Тек облыс көлемінде ғана емес, республикалық деңгейде медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік бар. Жаңажылдық думанға шақырып, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз, — деді Гүлнар Мәмбетжанова.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button