Жаңалықтар

Аудан үздіктері марапатталды

Ырғыз аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жыл қорытындысы бойынша білім беру саласына үлес қосып, ерекше белсенділік танытқан үздіктерді марапаттауға арналған дәстүрлі «Жыл таңдауы» шарасы өтті.

Аталған шараға аудандық бөлім басшылары мен білім саласының ардагерлері, мұғалімдер, жастар, сондай-ақ оқушылар қатысты.

Шара барысында жыл бойы белсенді жұмыс атқарған қызметкерлер марапатталып, оларға «Еңбек адамы», «Ең үздік мектеп директоры», «Ең үздік меңгеруші», «Ең үздік кәсіподақ төрағасы», «Ең үздік педагог», «Ең үздік әлеуметтік серіктестік», «Ең үздік қолөнер шебері», «Ең үздік жас ғалым», «Ең үздік мектеп президенті», «Ең үздік жас спортшы»,  «Ең үздік оқушы», т.б. түрлі номинациялар табысталды.

Марапаттау рәсімінде Ырғыз ауылындағы №1 қазақ орта мектебі «Ең үздік мектеп — 2022» атағын иеленсе, «Балапан» бөбекжай-бақшасы «Ең үздік балабақша — 2022» номинациясына ие болды.

Аудан әкімінің орынбасары Айбек Өксікбаев шараны қорытындылап, үздік атанған марапат иелерін құттықтап, ұстаздар қауымына ыстық лебізін білдірді.

Шарада сондай-ақ білім саласында абыройлы қызмет етіп, жыл соңында зейнеткерлік жасқа толған бір топ ардагер ұстазға аудан әкімінің, облыстық білім басқармасы мен аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттары табыс етілді.

Марапаттау рәсімі аудан өнерпаздарының мерекелік концертімен аяқталды.

Д.АЙДАР,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button