Басты жаңалықтарСпорт

Naiza турнирі: Қазбек жеңісін Президентке арнады

Ақтөбе қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылған Naiza Sport Week спорт апталығыаясында жергілікті әкімдіктің және «Спорт қорының» қолдауымен жекпе-жектен Naiza MMA лигасының 48-ші халықаралық турнирі өтті.

«Қоныс»спорт сарайында өткен Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең мықты промоушен — Naiza48 халықаралық турниріне жекпе-жектіңқыр-сырын жетік меңгерген ел мақтаныштарымен қатар,Ұлыбритания, Америка, Бразилия, Жапония, Ресей Федерациясы, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген спортшылар қатысты.

Спорт сарайындағы намысқой, жігерлі, жүректі жігіттердің шайқасын көруге жекпе-жектің шынайы жанкүйерлері жиналды. Дүбірлі доданы жанкүйерлермен бірге облыс әкімі Ералы Тоғжанов пен қала басшысы Асхат Шахаров тамашалады. Өңір басшысы жастарды спортқа тартудаосындай халықаралық турнирдің маңыздылығына тоқталды.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бұқаралық спортты дамытуда, салауатты өмір салтын насихаттауда жүйелі жұмыстар жасалып келеді. Ұлт денсаулығын нығайту — басты міндеттердің бірі. Жастар арасында бұқаралық спортты насихаттап, дамыту керек. Ол үшін спорттық инфрақұрылымды барынша қолжетімді етеміз және Ақтөбе облысында республикалық, халықаралық және әлемдік деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылатын болады. Біздің жастар мықты спортшылардың есімін біліп қана қоймай, спортпен шұғылданып, табанды және батыл болып өсуі керек. Naiza турнирі Ақтөбе жастарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, спортқа қызықтырады деген сенімдемін, — деді Ералы Тоғжанов.

Ақтөбелік жауынгерлер рингке ел Президентінің портреті бейнеленген жейде киіп шықты. Мұнымен спортшылар кезектен тыс Президент сайлауында жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевқа ыстық ықыластары мен өздерінің жаңа, әділетті Қазақстанды қолдайтындарын білдіргісі келген.

Кештің көрігін Naiza лигасының белбеуі үшін болған жекпе-жек қыздырды.  53 келіге дейінгі ең жеңіл салмақ дәрежесінде қоян-қолтық жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы Қазбек Сағын мен британдық файтер Джон Шинк арасында тартысты өткен бұл ойын жанкүйерлердің ерекше қолдауы мен ыстық ықыласына ие болды. Әсерлі жекпе-жектің қорытындысы бойынша DAR Team кәсіби клубының жауынгері Қазбек Сағын чемпиондық белбеуді жеңіп алды. Naiza лигасының 48- халықаралық турниріндегі тарихи жеңісін ол Мемлекет басшысына арнады.

— Командаға, бапкерімАзизРазыевкеалғысайтамын. Бізнағыз батыр халықпыз. Елдіңатынәлемгепашетугедайынмын. Бүгінгіжеңісімді ел ПрезидентіҚасым-ЖомартТоқаевқа, әскериміндетінорындапкелгеназаматретіндееліміздің Бас қолбасшысынаарнаймын, — деді ҚазбекСағын рингте. Сондай-ақ жаңа чемпиондық белбеудің иегері өзінің отбасы мен ата-анасына жарыс жолында жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.Қазбек Сағынға белбеуді облыс басшысы Ералы Тоғжановтың өзі тақты.

Жекпе-жектен соң…

Турнирден соң әуелі чемпиондық белбеу иегерінің пікірін білген едік.

— Жарысқа Алматыдан арнайы келдім. Қонақжай ақтөбеліктердің аралас жекпе-жекке деген ықыласы ерекше екен. Рингтегі тартысты шайқаста залдағы жанкүйерлердің қолдауы кәдімгідей күш берді. Олар «біздің елдің жауынгері шықты» деп жатты. Чемпиондық белбеуді өз елімізде алып қалғаныма қуаныштымын! — дейді қоян-қолтық жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы Қазбек Сағын.

Аталған турнирде Ақтөбенің намысын төрт жауынгер — Тыныштық Жәнібек, Нұрбек Қабдрахманов, Дастан Амангелді және Бағдат Жұбаныш қорғады.

— Бапкерім — Айбек Шоқпытов. Біз «Еркін күш» кәсіби жауынгерлік клубы құрамында Ақтөбе қаласындағы «Атлант» спорт кешенінде жаттығамыз. Көптен осындай турнир болмап еді. Турнирде тартысты ойын көрсетуге тырыстық, жанкүйерлер де бір серпіліп қалды. Осындай халықаралық турнирді ұйымдастырып, қолдаған облыс, қала басшылығына алғыс айтамын. Алдағы уақытта да ел ағалары спортсүйер жастарды қолдайды деп сенемін, — дейді ММА спортынан үшдүркінәлем чемпионы БағдатЖұбаныш.

Турнирдің ертеңіне ақтөбеліктер NaizaSportWeek спорт апталығы аясында ұйымдастырылған танымалжаттықтырушылар мен спортшылардыңшеберліксабақтарына, мотивациялықкездесулерінеқатысты. Кеше Қазақстанның ММА жұлдыздары мен атақтыбаскетболшыларыарасында өтетін регбол турнирін, сондай-ақеліміздіңжәнеәлемніңмықтыспортшыларыныңбасынқосатынгрепплинг жарысын тамашалады.

 Орайы келген сұхбат

«ШАЙҚАСҚЫҢ КЕЛСЕ, РИНГТЕ ШАЙҚАС»

NaizaSportWeek спорт апталығы аясында біз ретін тауып, Naiza MMA лигасының президенті Нұрбек Қарабалаға сұрақтарымызды қойған едік.

— Қазақстан ММА индустриясын дамыту туралы идея қайдан келді?

Біздің жастық кезеңде қызығатын орта, промоушен болмады. Содан өзіңді танып, өзгеге танытуға көмектесетін және бойдағы күш-жігерді дұрыс бағыттайтын орта керегін түсіндім. Сондықтан жастарды қолдау мақсатындаосындай орта құруға кірістік. Нәтижесінде, Naizaүлкен миссиясы бар промоушенге айналды.

— Кешегі турнирге қарасақ, ММА спортының артында үлкен бизнес тұрған сияқты…

Әрине. Мысалы, кешегі шоуға жан-жақтан келген шетелдік жауынгерлердің артында қолдайтын фанбазасы мен сол елдің медиақұралдары бар. Әлемнің түкпір-түкпірінен ютубта өтіп жатқан тікелей эфирді миллиондаған адам тамашалады. Мұның бәрі — бизнес. Сондай-ақ ММА — туризмді дамытудың да бір жолы. Кешегі турнирдің өзінде Ақтөбе қаласы неше рет медиакеңістікте, соның ішінде Ресей, Орталық Азия елдерінде көрініп, өңір туралы айтылды. Бұл — өңір үшін үлкен серпін. Сонымен қатар бір кешке қаншама жауынгер, олардың жаттықтырушылары және секунданттары келді. Жалпысырттан барлығы 120 адам келіпті. Оларды қонақ үйге орналастырдық, бірнеше күнге спорт кешенін жалға алдық, ондағы қызметкерлерге жұмыс ұсындық. Бұл — үлкен бизнес. Одан бөлек біздің жобаның әлеуметтік миссиясы бар. Барлық сұхбатымда «Шайқасқың келсе, рингте шайқас» деймін. Күшің асып, тасыса, спортзалға барып жаттық. Көше кезіп, біреуді соққыға алма, деструктивті ағымдардың соңына ерме.

— Елімізде бұл спорт түрінің болашағы қандай?

— Болашағы үлкен. Ал біздің мақсат — тоқтамау. Мәселен, әлемге танымал Гена Головкин қайдан шықты? UFC төрінде өнер көрсетіп, жастарға үлкен мотивация әрі өнеге болып жүрген Шавкат Рахмонов, Жалғас Жұмағұлов, Сергей Морозов сынды батырларымыз қайдан шықты? Олардың бәрі — осындай жарыстарда шеберліктерімен көзге түсіп, топ жарғандар. Шындығында,елімізде, әлемдік деңгейде де аралас жекпе-жектің әлеуеті мықты.

Naizaұйымдастырған 48-турнирдің көрігін кім қыздырды?

— Қоян-қолтық ұрыстан әлемнің үш дүркін чемпионы Қазбек Сағын мен британдық файтер Джон Шинктың титулдық жекпе-жегі, Бағдат Жұбаныш пен Нематулла Исламидинұлы, Елжан Алиасқар мен Дастан Амангелдінің арасындағы жекпе-жектер тартысты болды. Халыққа да, өзіме де қатты ұнады. Мұның бәрі Naiza лигасының және жауынгерлердің дәрежесінайқындайды.

— Сонда шайқас несімен ерекшеленді?

Шайқаста жауынгерлеріміз ерекше рух танытты. Намысты қолдан бермей, титулдық жекпе-жекте Қазбек белбеуді елде алып қалды. Бағдат інішегіміз тамаша тартысты жекпе-жек көрсетіп, өзін қолдауға келген күллі ақтөбеліктің үмітін ақтады. Негізі осындай жауынгерлер елдің намысын көтереді. Бұл жолы турнирде Америкадан, Ұлыбританиядан жауынгерлер қатысты. Олар да бәсекеге қабілетті ММА көрсетуге тырысты. Расында, елімізді таныту үшін көп нәрсе керек емес. Меніңше, біздің елдің елшілері — ел имиджі үшін жұмыс істеп жүрген әлемдік деңгейге шыққан спортшылар.  Ендеше, шетелдік файтерлермен шайқасқан жауынгерлеріміздің рухы асқақтай берсін!

— Жекпе-жекте жеңіске жеткен адамның гонарары қандай?

Жауынгерлер деңгейіне қарай гонорар алады. Жеңсе де, жеңілсе де еңбегі үшін тиісті ақысы төленеді. Мысалы, біреуі мың доллар алса, екіншісі бес мың доллар алуы мүмкін. Жалпы осы турнирде барлық жауынгерге төленген қаражат шамамен 30 миллион теңгеге жетеді.

— Неге осы жолы жарысты өткізу үшін Ақтөбені таңдадыңыздар?

Негізінде бүкіл қазақ елін аралаймыз деген ойымыз бар. Жылдың негізгі шайқастарыАқтөбеде өтті. Себептердің бірі—аралас жекпе-жектен Ақтөбенің мектебі мықты, жауынгерлері күшті және оны қолдайтын орта бар. Тіпті кеше өткен турнирде көрермен отырмай-ақ, аяғынан тік тұрып қарады. Ықыластары керемет енді. Кештің атмосферасын көтеріпжіберді. Залға жиналған халық негативті эмоциясын да шығарып тастады.Сол жерде 13-14 жастағы бір бала: «Осыдан бір апта бұрын спортпен айналысуды қоямын деп шешіп едім, албүгінгі кештен кейін ол ойымнан айныдым» деп тұр. Бұл да спорттың тәрбие құралы екеніне тағы бір дәлел. Шынында, біз спорт арқылы ұлт патриоттарын тәрбиелейміз, өсіреміз.

— Әрі қарай бұл турнир басқа қалаларда жалғаса ма?

—Әрине, Naizaтурнирінеліміздің басқа қалаларында жалғастырамыз. Онда да бізді күтіп жатқан халық бар. Ақтөбеге келе алмай қалған қолдаушыларымыз қаншама.Меніңше, мұндай турнир — халыққа, әсіресе жастарға үлкен сыйлық. Жауынгерлеріміздің жанына келіп, суретке түсіп, ыстық лебізін білдіріп жатыр. Naiza жауынгерлерінжұрт жақсы көріп, ерекше құрметтейтінін көріп жүрмін. Бұл біздің мерейімізді асырады. Өңірлерден әлі де біраз батырлар шығатынына сенімдімін, алдағы уақытта соларды елге танытсақ дейміз.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button