Пікір

Ел сенімі ауадай қажет

Жаңылсын ИСМАГУЛОВА,

Қарғалы аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы

20 қарашада болатын кезектен тыс Президент сайлауы — еліміздің одан әрі даму стратегиясын айқындайтын саяси-экономикалық және әлеуметтік салаларда көптеген реформаларды бастауға мүмкіндік беретін маңызды саяси оқиға. Реформалар біздің өміріміздің барлық салаларын қамтиды, сондықтан біздің әрқайсысымыз сайлауға белсенді қатысуымыз керек.

Қоғам сенімінсіз елдің дамуы мүмкін емес. Біз өзіміз сенім артатын, халық игілігі үшін адал қызмет ететін нағыз патриоттарды айналасына біріктіре алатын Президентті таңдайық.

Халықтың әл-ауқаты экономикалық даму деңгейіне тікелей байланысты. Экономикамызды лайықты деңгейге көтеру үшін тек қаржылық ресурстар ғана емес, баршамыздың адал еңбегіміз қажет.  Бізде жұмыссыздық болмауы керек, әркім өз жұмыс орнында адал еңбек етіп, ортақ іске өзінің үлесін қосуға міндетті.

Біз Отанымыздың тағдырына бейжай қарамауымыз керек, өйткені гүлденген және қуатты Қазақстан — біздің балаларымыз бен немерелеріміздің жарқын болашағының кепілі.

Ақтөбеліктерді 20 қараша күні сайлау учаскелеріне барып, лайықты деп таныған үміткерге өз дауысын беруге шақырамын.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button