Мереке

Мерекелік көңіл күй сыйлады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ақтөбе филиалы Республика күніне орай тұтынушыларға мерекелік көңіл күй сыйлайтын әдемі іс-шара өткізді. Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері тұтынушыларға «Kazakhstan» шоколады мен кәдесый ретінде жалаулар таратты. Қызметалушылар мемлекеттік рәміз атрибуты бар 1000-нан астам тәттілерді сыйға алып үлгерді. Іс-шара ел халқының бірлігін, алдағы ұлттық мерекені қолдау және отандастарымыздың патриоттық сезімін ояту мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Мереке күндеріне байланысты сенбіде ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-ларәдеттегі жұмыс кестесі бойынша 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚО-лар 20:00-ге дейін қызмет істейді.

24 қазан күні тек кезекші ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар ашық болады.  Бұл күні қызметалушыларға сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетіледі.

23 және 25 қазан — демалыс күндері. 26 қазаннан бастап барлық орталықтар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейтін болады.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button