Мереке

Құрметті құтқару қызметінің қызметкерлері мен ардагерлері!

Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты Сіздерді кәсіби мереке — Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтайды!
Өртке қарсы, су-құтқару қызметі, азаматтық қорғаныс қызметкерлері Құтқарушылар күнін 2008 жылдан бастап он төрт жыл бойы бірыңғай кәсіби мереке ретінде тойлап келеді. Сол жылы құрылған Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет — бүгінде республиканың мемлекеттік органдар жүйесінің қуатты кәсіби құрылымы.
Әртүрлі бөлімшелердің ең батыл, ержүрек және жауапты қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікте тұратын құтқару қызметтері күндіз-түні қауіпсіздігімізді қамтамасыз етеді.
Кәсіби борышын орындау кезінде өміріне төнетін қауіп тәуекелі жоғары құтқарушылардың қиын да жауапты жұмысы жоғары кәсібилікті талап етеді.
Табиғи апаттар мен техногендік сипаттағы апаттар салдарымен күресте де жанқиярлық, батылдық танытқан құтқарушылар қандай да құрметке лайық.
Қазақстанның құтқару қызметтерінің басты ұстанымы — адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Құрметті құтқару қызметтерінің қызметкерлер мен ардагерлері!
Депутаттар мен облыстық мәслихат аппараты Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен тағы да шын жүректен құттықтайды.
Сіздерге ашық аспан, жоғары кәсібилік тілейміз!

Ізгі ниетпен,
Амангелді НҰҒМАНОВ,
облыстық мәслихаттың хатшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button