Мереке

Ұлттық мереке құтты болсын!

Биыл елімізде Республика күні мерекесі Ұлттық мереке ретінде тойланады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынып, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керектігін айтқан болатын.
Республика күні бізге не береді, не үйретеді, нені насихаттаймыз дейтін болсақ, ең алдымен бұл мереке арқылы Қазақстан халқының, қазақ халқының ұлттық идеясы айқындалады. Ол – мәңгілік ел, мәңгілік ұлт, мәңгілік тіл идеясы. Республика күні Қазақстанды Мәңгілік елге, қазақ ұлтын мәңгілік ұлтқа айналдырудың ғылыми-теориялық және қолданбалы-тәжірибелік тұрғыдан нақты жолы көрсетіліп, насихатталады деген пікірдемін.
«Туған жерге туынды тік» деген халық даналығы тегін айтылмаса керек, Республика күні — ұлттық мереке арқылы жастарды патриотизмге, Отанға деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуіміз керек.
Араға бірнеше жыл салып, бұл мерекенің қайта тойлануы Қазақстанның әрбір азаматы үшін қуаныш. Республика күнімен барша қазақ халқын құттықтаймын. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Рухани санасы кемел жастар ұлт болашағының негізгі тірегі болсын!

Дәурен АСЫЛБЕКҰЛЫ,
6655 әскери бөлімі командирінің уақытша міндетін атқарушы, полковник.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button