Ресми
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс оныншы сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс оныншы сессиясы 2022 жылғы 28 қазанда сағат 10.00-ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне мынадай мәселе енгізілсін:
- Облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 9 желтоқсандағы №80 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Хабарламашы: Г.Р.Сүйінтаева — экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасының басшысы
Облыстық мәслихаттың хатшысы А.НҰҒМАНОВ.