Мереке

Еліміздің қазынасы — құрметті қарттар!

Сіздерді 1 қазан — Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтаймын!

Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету — ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың өскелең ұрпақ үшін орны бөлек өнеге. Әрқайсыларыңыздың еліміздің өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен.

Бүгінгідей қуанышты күні — еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да жас ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытып, аман-саулықта жүре берулеріңізге тілек білдіремін.

Құрметті білім беру ісінің қызметкерлері мен ардагерлері!

Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтайды!

Мұғалім мамандығы адалдықты, үлкен шыдамдылықты, мамандыққа деген сүйіспеншілікті, адамгершілікті және даналықты қажет етеді.

Сіздер өскелең ұрпақтың жүрегіне білім нәрін құйып, болашаққа жарқын бағыт бересіздер. Қоғамның болашақта қандай болатыны Сіздердің қызметтеріңізге байланысты.

Депутаттар мен облыстық мәслихат аппараты Сіздерді Ұстаздар күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды және педагогтерге, білім беру ісінің ардагерлеріне өз кәсібіне деген адалдығы үшін шын жүректен алғыс білдіреді.

Баршаңызға бақыт пен денсаулық, жұмыста шығармашылық табыс, амандық тілейміз.

Амангелді НҰҒМАНОВ,

облыстық мәслихаттың хатшысы. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button