Жаңалықтар

Құрметті ақтөбеліктер!

Жуырда жол құрылысы бойынша мамандарды тарта отырып, Заречный тұрғын алабы ауданындағы Елек өзені арқылы өтетін көпірдің жай-күйін қайта қарап шықтым. Климаттық жағдайларды және жолөткелдің олқылықтарын ескере отырып, ақауларды жою бойынша жедел уақытша шараларды іске асыру туралы шешім қабылданды.

Возможно, это изображение 6 человек, люди стоят и на открытом воздухе
Атап айтқанда, шұңқырларды қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізу үшін 22-25 қыркүйек аралығында көпір бойынша қозғалыс толығымен жабылады, өйткені күзгі ауа райы күрделі жөндеу жүргізуге мүмкіндік бермейді.

Шұңқырларды жою бойынша жөндеу уақытша шешім екенін атап өтемін. Жол өтпесінің бетін арматуралауды, гидрооқшаулауды, қорғаныш қабатын және асфальтбетон жабынын салуды қамтитын көпірді күрделі жөндеу келесі жылы мердігер ұйыммен кепілдік міндеттемелер шеңберінде жүргізіледі.

Құрметті жерлестер, қабылданып жатқан шараларға, соның ішінде көпір бойынша қозғалысты шектеуге түсіністікпен және шыдамдылықпен қарауларыңызды сұраймын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button