Жаңалықтар

Көмек қолын созды

Күшіміз бірлікте

 Ақтөбе облысының салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы қашанда қайырымдылықтан қол үзген емес. Қостанайдағы жағдайды естіген қоғамдық ұйым бұл жолы да қарап қалған жоқ. Облыстық ұйым жұдырықтай жұмылып, қостанайлық кәсіподақ мүшелеріне көмек қолын созды. Тілсіз жаудан зардап шеккен әріптестерін қолдау мақсатында ұстаздар кәсіподағы 300 мың теңге қаражат аударды.

— Қостанай өңірінде болған алапат өрт сол жердегі тұрғылықты халықтың ғана емес, әрбір қазақтың жанына батқаны сөзсіз. Тілсіз жаудың салдарынан қаншама адам үйсіз-күйсіз далада қалды. Табиғат апатынан зардап шеккен отандастарымызға қолұшын созу, жандарына демеу болу  әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз деп білеміз, — дейді ұйым мүшелері.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button