Құқық

Адам құқығын қорғаудың жаңа үлгісі

Үшбуынды модель

Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде 2021 жылы қолданыстағы заңнамада нақты өкілеттіліктерді белгілей отырып, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған қылмыстық қудалаудың үш буынды моделі енгізілді. Мұндай модель бойынша қылмыстық процеске үш буын жауапты: полиция, прокуратура және сот.

Бұл модельдің мәні — құқық қорғаудың кедергісін құру, қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын бұзудан қорғау. Аталған модель аясындағы жұмыстар тәжірибеде өзінің тиімдігілін көрсетіп отыр.

Биыл сәуір айында бір тұрғын Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөліміне келіп, Ақтөбе теміржол вокзалындабейтаныс біреудің жол сөмкесін ұрлап кеткенін айтып, арыз жазған. Аталған дерек бойынша сол күні Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде бұған дейін бірнеше рет ұрлық жасап, сотты болған адам ұсталды.

Тергеуде анықталғандай, күдікті қылмыс болған күні қаланың ескі бөлігінде алкогольді ішімдік ішіп, кеш батысымен жылынып алу мақсатында теміржол вокзалына келеді. Вокзалдың екінші қабатына көтерілген сәтте белгісіз ер-азаматтың ұйықтап жатқандығын көреді. Оның жанындағы жол сөмкесін ұрлап, қажетті заттарды өзіне алған соң, қалғандарын қоқыс жәшігіне лақтырып кетеді.

Қылмыс жасаған адам өз ісіне өкініп, істі жеделдетілген тәртіпте аяқтауға өтініш білдірді.

Қылмыстық процестің үш буынды моделі шеңберінде қысқа мерзімде Ақтөбе көлік прокуратурасымен қылмыстық іс бойынша негізгі процестік шешімдер келісіліп, мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен аталған адам ұрлық жасағандығы үшін кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотта оның бұған дейін бірнеше рет сотты болғандығы ескерілді.

Ақтөбе көлік прокуратурасы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button