Жаңалықтар

Жаңашылдық пен біліктілік

Семинар

Ақтөбеде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен «Ruh camp» атты көшпелі оқыту семинары өтті.
Оған Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының өңірлік жобалық кеңсе қызметкерлері,  идеология саласына жауапты жергілікті атқарушы орган өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Дәріс оқушылар құрамында танымал коуч жаттықтырушылар, республикалық сарапшылар қауымдастығының өкілдері, институт қызметкерлері бар.

Оқыту семинары қызметкерлердің коммуникативтік қасиеттері, аналитикалық дағдылары мен сыни ойлау қабілеттерінің дамуына, ауқымды деректермен жұмыс істеудің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеруге, қызметкерлердің біліктілігінің артуына және БАҚ саласында сапалы ақпараттық-имидждік сүйемелдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Қатысушыларға бағдарламаның 6 қағидаты бойынша дәріс өткізіледі. Жоба аясында уақытты, қаржыны үнемдеу секілді мәселелер айтылды, — деді Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшы менеджері Жақсыбек Жиеналиев.                                                                              Семинар барысында тренерлер «Мемлекеттің идеологиялық жұмыстары: аймақтарда іске асыру жолдары», «Идеологиялық қызметті тиімді іске асырудың әдіс-тәсілдері», «Ақпараттық ілгерілетудің әдіс-тәсілдері», «БАҚ және әлеуметтік желі арқылы позитивті имидж қалыптастыру»,«Қызметкерлердің көшбасшылық қасиеттерін дамытуда жобалық менеджменттің заманауи тәсілдерін қолдану», «Жобаларды іске асырудағы үздік шетелдік тәжірибелер» сияқты тақырыптарды талқылады.
Шара соңында қатысушылар сұрақ-жауап форматында өзара пікір алмасып, көкейдегі сауалдарына жауап алды. Қатысушыларға сертификаттар табысталды.«Ruh camp» көшпелі оқыту семинарлары алдағы уақытта Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында жалғасады.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button