Басты жаңалықтар

«Ақтөбе халқы Қостанаймен бірге!»

Асар! Көршімізді қиындықта қалдырмаймыз. Төтенше жағдайда қиындықтан шығудың маңызды ережесі – өзара көмек және бірлік. Қазақтардың ежелден келе жатқан дәстүрі осындай. Ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтар мен дәстүрлер өзгермейді.

Қостанай облысында басталған табиғи өрт және содан зардап шеккен отбасылардың балалары туралы хабардан кейін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов гуманитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі жедел штаб құруды тапсырды.

Ақтөбеліктер көрші өңірдің Әулиекөл, Ұзынкөл және Қарабалық аудандарының тұрғындарына моральдық және материалдық гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.
Ақтөбе облысының әкімдігі көрші облысқа дәрі-дәрмек, киім-кешек, азық-түлік, жеке гигиена заттары және т.б. гуманитарлық көмек тиелген автокеруен жіберді.
Amanat партиясының филиалдарында 13 гуманитарлық көмек пункі ашылды. Оған облыс азаматтары киім, төсек-орын жабдықтарын және осындай жағдайда ең қажетті заттарды алып келіп жатыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button