Жаңалықтар

52 автокөлікпен толықты

Жедел жәрдем

Конституция күні қарсаңында облыстағы денсаулық сақтау мекемелеріне жалпы құны 2 миллиард теңге болатын «HYUNDAI» және «JAC Sunray» маркалы санитарлық автомобиль берілді. Жаңа көліктер «Жедел жәрдем» қызметіне арнайы жабдықталған.

Атқарушы билік өкілдерінің айтуынша — Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында медицина саласындағы материалдық-техникалық базаны нығайтуға айрықша көңіл бөлініп отыр. Барлығы 52 автокөлік сұранысқа қарай қала мен аудандарға табысталмақ.

— Біз өте қуаныштымыз. Жаңа автокөліктердің арқасында медициналық көмектің сапасы артып, қатынасымыз жақсара түседі. Әсіресе аудандық «Жедел жәрдем» қызметінің назардан тыс қалмағаны қуантады. Осы оң өзгеріс өңірдегі автокөліктерге деген қажеттілікті толығымен өтейді, — деп атап өтті облыстық «Жедел жәрдем» станциясының бас дәрігері Марат Жанқұлов.

32 жаңа автокөлік Ақтөбе қаласындағы 17 реанимобиль аудандық медицина мекемелеріне жіберілмек, ал 3-еуі медициналық авиация бөлімшесіне берілді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button