Басты жаңалықтар

Димаштың тыңдармандары қазақ тілін үйренді

«Отандастар қоры» интенсивті қазақ тілі курстарын ұйымдастырды. Бұған 15 мемлекеттен 90-ға жуық тыңдаушы қатысқан.

Бұл жөнінде ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

Үш апталық жеделдетілген курсқа шетелдегі қандастарымыз ғана емес, қазақ тілін меңгеруге қызығушылық білдірген басқа да адамдар, соның ішінде әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері жазылып, тілімізді үйреніпті.

Атап айтқанда,АҚШ, Түркия, Ресей Федерациясы, Германия, Франция, Ұлыбритания, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Индонезия, Польша, Малайзия елдерінің азаматтары қазақ тілін оқыған.

Жобаға қатысушыларға«Отандастар қоры» коммерциялық емес АҚ президенті атынан сертификаттар табысталған. Айта кетелік, «Отандастар қоры» — шет жердегі қазақтарды қолдау мақсатымен құрылған қоғам.

Қыркүйек айынан бастап, онлайн қазақ тілі курстары қайта жалғасын табады. Курстың ұзақтығы — үш ай мерзім.

Басқа жаңалықтар

Back to top button