Басты жаңалықтарЭкономика

Ақтөбеде магистральды газ бұру құбырының 3-ші желісі салынады

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жұмыс сапарымен біздің өңірге келген Энергетика министрі Болат Ақшолақов облыс әкімімен бірге Қожасай кен орнындағы «Gas Processing Company» кәсіпорнында, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясының Жаңажол газ өңдеу зауытында болып қайтты.

Одан соң Энергетика министрі Amanat партиясының облыстық филиал ғимаратында тұрғындармен кездесті.

Кездесуде әуелі Энергетика министрі біздің өңірдің отын-энергетикалық жағдайы туралы баяндады.

Ақтөбе облысы —еліміздегі мұнай өндіру көлемі бойынша төртінші өңір.Оның үлесіне ел бойынша мұнай өндірудің жалпы көлемінің 6 пайызы тиесілі.Өңірде мұнай өндіруді 17 компания жүзеге асырып отыр. Ақтөбедегі мұнай өндіруші және мұнай сервистік компанияларда барлығы 23 мыңнан астам адам жұмыс істейді, бұл — өңірдегі барлық еңбекке қабілетті тұрғындардың 6 пайызы. Облыста 45 кен орны бар, барлау және өндіру жұмыстарына қатысты барлығы 48 келісімшарт жасалды. Өндірілетін мұнай қоры — шамамен 225 миллион тонна, ал газ қоры 103 миллиардтекше метрден асады. Қолданыстағы кен орындарының сарқылуына байланысты өңірде мұнай өндіру жыл сайын төмендеп отыр, — деді Энергетика министрі.

БиылАқтөбе облысында орналасқан 5 жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізілді. Болат Ақшолақовтың айтуынша, жақын арада осы учаскелерде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, олардың инвестиция көлемі — 8,4 млрдтеңге.

— Бүгінгі таңда жер қойнауын пайдалануға арналған жақсартылған модельдік келісімшарт тетігін енгізу бойынша заңнамалық өзгерістер топтамасы әзірленді. Мәселен, салықтан босату түрінде реттеушілік және фискалды преференциялар көзделіп отыр. Заңнамаға енгізілетін тиісті түзетулер жыл соңына дейін қабылданады, бұл жаңа кен орындарын игеруге, өндіру көлемін көбейтуге мүмкіндік бермек, — деді Болат Ақшолақов.

Сонымен қатар ол ел бойынша жалпы газ өндірудің шамамен 10 пайызы Ақтөбе облысына тиесілі екенін айтып, облыс тұрғындарының 92,7 пайызыгазбен қамтылғанын, яғни, шамамен 840,7 мың адамның табиғи газға қол жеткізгенін атап өтті.

Энергетика министрлігі газдың шекті көтерме сауда бағасын, ал соңғы нақты бағаны Ұлттық экономика министрлігі бекітеді. Бүгінгі күні Ақтөбе облысында 1 текше метр газдың бағасы —  11,57 теңге, ал атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін — 9,26 теңге.

Болат Ақшолақовбиыл Энергетика министрлігінің бюджеттік бағдарламасы аясында 18 жобаны жүзеге асыруға 6,8 млрдтеңге бөлінгенін айтты.Оның аясында жыл соңына дейін 14 елді мекенді газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда Ақтөбе өңірінекі магистральды газ құбыры — «Жаңажол-Ақтөбе» және «Бұхара-Орал»газбен қамтамасыз етеді.

— Газбен жабдықтауды, сондай-ақ газға деген өсіп келе жатқан қажеттілікті үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облысының әкімдігі «Бұхара-Орал»магистральды газ құбырынан «Ақтөбе қаласында магистральды газ бұру құбырының 3-ші желісін салу» жобалық-сметалық құжаттамасын әзірледі, жобаның жалпы құны — 43,4 миллиард теңге.2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру шеңберінде облыс әкімдігі 34,5 миллиард теңгеге өтінім берді. Аталған өтінім қаралып, бюджеттік заңнамаға сәйкес Қаржы министрлігіне жолданды, — деді Болат Ақшолақов.

Сонымен қатар «Жаңажол-Ақтөбе» магистральды газ құбырының нашар күйін және Темір, Мұғалжар, Байғанин, Ойыл, Алға аудандары мен Ақтөбе қаласы сияқты ірі аудандарды газбен қамтамасыз ететін осы газ құбырының маңыздылығын ескере отырып, қазіргі уақытта атанған министрлік «QazaqGaz» ұлттық компаниясымен бірлесіп«Жаңажол-Ақтөбе» магистральды газ құбырының 2-ші желісін салу мәселесін қарастырып жатыр. Оның ұзындығы — 244 км, жобаның болжамды құны — 120,3 млрд теңге.

Кездесуде Энергетика министрі Ақтөбе облысында осы жылдың соңына дейін сұйытылған газдың бөлшек саудадағы шекті бағасы 1 литр үшін 50 теңге болып бекітілгенін айтты. Көтерме саудадағы шекті баға 1 тонна үшін 33 600 теңге (19,7 теңге/литр) деңгейінде бекітілді. Болат Ақшолақов мұндай баға өндіруші зауыттардың шығындарын ішінара өтеу мақсатында белгіленгенін мәлімдеді.Оның бұл сұйытылған мұнай газын өндірушілер мен өткізушілер арасында кірістердің әділ бөлінуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын өндіретінзауыттарды ынталандыруға мүмкіндік береді.Құзырлы министрлік ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, бағалардың алыпсатарлық ауытқуына жол бермей, сұйытылған мұнай газын облыстар бойынша бөлу тетігінің реинжинирингін жүргізу бойынша шаралар қабылдап жатқаны да айтылды.

Одан әрі Болат Ақшолақов өңірдің электр және жылу энергиясының көзі саналатын Ақтөбе жылу электр орталығындақазіргі уақытта қуаты 57 МВт газтурбиналық қондырғы салу жобасы іске асырылып жатқанын айтты. Бұл жоба 2023 жылы пайдалануға берілмек. Жобаны іске асыру станцияның белгіленген қуатын 175 МВт-қа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында тұрғындардың бірі жыл сайын шөп шабу науқанында дизель отыны тапшылығы байқалатынын айтып, Үкімет мұны тек егін шаруашылығына ғана емес, мал азығын дайындауға да бөлсе деген ұсыныс-тілегін білдірді.

Экологиялық мәселелер туралы да сұрақтар қойылды.

Кездесуден соң Болат Ақшолақов министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдады.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button