Спорт

Әсет — қолда жүлдегер атанды

  • Бәрекелді

Болгария астанасы София қаласында таэквондоның WT олимпиадалық түрінен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті.

Әлемнің 90 елінен 14-17 жас аралығындағы 811 спортшы қатысқан дүбірлі додада ақтөбелік Әсет Ізғалиев 48 келі салмақта қола жүлдегер атанды. Жаттықтықтырушысы — Жарас Пырмағамбетов.

Барлық айналымда өзін жақсы көрсеткен ол жартылай финалға жолдама алды. Соңғы айналымда болгариялық спортшымен бәсекелесіп, нәтижесінде қазақ елінің қоржынына қола жүлдені қанжығалады.

Әсет Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің түлегі. Бірқатар спорт додаларында топ жарып жүрген дарынды спортшы.

Айта кету керек, таеквондошылар Әлем чемпионатында ең соңғы рет 2014 жылы медаль алған еді. Бұл жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасынан 20 спортшы аттанған. 10 ұл және 10 қыз таеквондошы елдің намысын қорғауда сынға түсті.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button