Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Ақтөбе аспанына әуе шарымен қалықтай аласыз

  • Фестиваль

Ақтөбеде әуе шарларымен көкте саяхаттауға мүмкіндік туып отыр.
13-14 тамыз күндері сағат 10.00-ден түнгі 12.00-ге дейін ипподром алаңында «Шексіз аспан» фестивалі ұйымдастырылмақ.

Шара барысында қазақ эстрадасының жұлдыздары да өнер көрсетеді. Шараны тегін тамашалауға болады. Алайда әуе шарларында ұшу ақылы. Фестивальді өткізуге Ақтөбе қалалық кәсіпкерлік бөлімі қолдау көрсетіп отыр.

Ұйымдастырушылардың бірі Еркебұлан Аймұратұлының айтуынша, фестивальге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10-нан астам дирижабль иелері келмек.

— Шараға жасына қарамастан кез келген адам қатыса алады. Барлық қауіпсіздік шаралары қатаң ескеріледі. Алаңда құтқарушылар, полицейлер мен дәрігерлер қонақтардың жағдайын қадағалайды. Біз әзірге әуе шарларымен ұшу бағасын нақты айта алмаймыз, алайда қалта көтерерліктей болмақ. Осындай фестиваль бірнеше жыл бұрын Шымкентте өткен болатын, енді өз қаламызда да өткізуді жоспарлап отырмыз, — дейді ол.

А.БОЛАТБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button