Жаңалықтар

Жаңадан прокурор келді

  • Тағайындау

Мемлекет басшысының келісімі бойынша бас прокурордың бұйрығымен бірқатар облыстың прокурорлары тағайындалды. Бұлардың арасында Ақтөбе де бар.

Бас прокуратура таратқан мәліметке сүйенсек, Ақтөбе облысының прокуратурасын енді 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидулла Дәуешов басқарады.

Халидулла Зиноллаұлының осы саладағы еңбек өтілі — 31 жыл. Қызмет жолын 1991 жылы Гурьев облысы Гурьев қаласы прокуратурасында тағылымгер болып бастаған. Әр жылдары Атырау облысының прокуратурасы мен Орталық аппаратта жұмыс істеді. 2002-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының, Атырау облысының Жылыой және Мақат аудандарының прокуроры, Атырау қаласының прокуроры, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстары прокурорының орынбасары, Қызылорда облысының прокуроры қызметтерін атқарды. Осыған дейін Атырау облысының прокуратурасында басшылық етті.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button