Спорт

Ардагерлер жарысты

  • Шахматшылар күні

Ақтөбедегі «Геолог» Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ардагерлер арасында шахмат турнирі өтті.

Ақтөбеде жыл сайын Халықаралық шахматшылар күніне орай «Шаһардың шахматшы патшалары» атты жарыс ұйымдастыру дәстүрге айналды. Биылғы жарысқа 20 ардагер қатысып, олардың арасынан У.Тоғысов жеңімпаз атанды. ІІ орынды — Ж.Мышанов, ал ІІІ орынды Қ.Әлбақасов, Б.Палуаниязовтар иеленді. Турнирге Е. Бердібеков төрелік етті.

Марапаттау рәсімінде Алматы ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Қабыл сөз сөйлеп, турнирді ұйымдастырушы «Геолог» Мәдениет үйінің қызметкерлеріне және барлық қатысушыларға алғысын жеткізді.

Ал жүлдегерлер дипломдар мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды, сондай-ақ барлық қатысушыларға сый-сияпат көрсетілді.

Н.ЫСҚАҚҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button