Спорт
Ақтөбе облысы — II орында!

- Спартакиада
13-17 шілдеде Петропавл қаласында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткен республикалық спартакиадада облыстың құрама командасы жүлделі ІІ орынды иеленді.
Үш күн бойы еліміздің 18 облысынан келген 700-ге жуық мемлекеттік қызметші арасында өткен жарыста командалар волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, суда жүзу, бильярд, тоғызқұмалақ және қазақ күрестен сынға түсіп, күш сынасты.
Республикалық спартакиаданың қорытындысы бойынша спорттың жеті түрінен жалпы есепте Батыс Қазақстан облысының командасы 128,5 ұпаймен І орынды жеңіп алса, жерлестеріміз, Ақтөбе облысының командасы 128 ұпаймен ІІ орынды иеленді. Ал Павлодар облысының командасы 123,5 ұпаймен ІІІ орынға ие болды.
Д.АЙДАР.



