Спорт

«Тобыл» тең ойнады

УЕФА

 Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын «Тобыл» тең аяқтады.

Осы кездесудің фавориті болып есептелетін Венгрияның «Ференцварош» командасымен Қостанай қаласында өткен кездесуде «Тобыл» ұтқан да жоқ, ұтылған да жоқ.

Ұтпаған себебі, айталық, Зоран Тошич, Рубен Бриджидо, Асхат Тағыберген жасаған соққылар қарсыластар қақпасына еніп кете алмады.

Ұтылмаған себебі, мысалы, Александр Мокин тура қарсы алдынан бірінен соң бірі үдемелете тебілген екі соққыны жанкештілікпен қатар қайтарып үлгерді.

Жалпы кездесу тең дәрежеде өткізілді. Мұны «Ференцварош» командасының бас бапкері Станислав Черчесов те мойындады. «Бұл тең ойын — заңды нәтиже», — деді ол.

«Тобыл» (Қостанай, Қазақстан)-«Ференцварош» (Будапешт, Венгрия) — 0:0.

«Тобыл» төмендегі құрамда ойнады: Александр Мокин (қақпашы), Алекса Аманович, Жарко Томашевич, Сергей Малый, Бағдат Қайыров, Душан Йованчич, Асхат Тағыберген (капитан), Самат Жарынбетов (Серікжан Мужиков, 68-минут), Рубен Бриджидо (Игорь Сергеев, 64-минут), Зоран Тошич, Айбар Жақсылықов (Мильян Вукадинович, 76-минут).

Бас бапкер Милан Миланович.

6 шілде 2022 жыл. Қостанай қаласы, Орталық стадион.

Қарымта кездесу 13 шілде күні Будапешт қаласында өтеді.

 Е.АХАТҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button