БілімБасты жаңалықтар

Құжат тапсырып болдыңыз ба?

Тура 25 күннен кейін 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау аяқталады.  

Мектепке қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес 1 сәуірден бастап жаңа оқу жылына 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау басталған болатын.

Мектепке қабылдаудың бекітілген ережесіне байланысты білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, 6 жастағы және күнтізбелік жылда 6 жасқа толатын балаларды 1-сыныпқа қабылдайды.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру электрондық үкімет  веб-порталы арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Өтінімдерді өңдеу автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы жасалады (mektep.akt.kz – Ақтөбе қаласы, e-aktobe.kz-облыс аудандары). Қазіргі уақытта Egov.kz порталы тұрақты жұмыс жап тұр. Өтінімдерді тапсыруда ешқандай мәселе жоқ, — дейді облыстық білім басқармасы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Гүлжан Құлыбекова.

Оның айтуынша, Ақтөбе қаласы мен аудандардың білім бөлімдерінің мәліметтеріне сәйкес 2022-2023 оқу жылында 1-сыныпқа 19 561 бала қабылдау жоспарланып отыр. Оның 14 512-сі — қазақ тілінде (74,2%), 5049-і орыс тілінде (25,8%) қабылданады.

Ақтөбе қаласында бала саны көп. Биыл 11 850 бала қабылдау жоспарда бар. Аудандардың арасында Мұғалжар (1360), Шалқар (965), Хромтау (920), Темір (862), Алға (848)  ауданында біраз бала 1-сыныпқа қабылданады. Ал Қобда (270), Қарғалы (286), Ырғыз (335) аудандарында мектеп табалдырығын аттайтын бала саны аздау болып тұр. Өткен оқу жылында облыс бойынша 18 160 бала мектеп табалдырығын аттаған болатын. 

Айта кету керек, балаларды гимназиялар мен лицейлердің 1-сыныбына қабылдау үшін 15 маусымға дейін емтихандар өткізілді, — дейді бөлім басшысы.

5 шілдедегі жағдай бойынша өңірде 1-сыныпқа 15 737 бала қабылданған. Оның 12 045-і немесе 76,5%-ы қазақ тілінде білім алуға ниет білдіріпті.

Балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталуға жақын. Небары 25 күн қалды. Алдағы уақытта балаларды мектепке дайындау, оқулықтармен қамтамасыз ету міндеті тұр. Білім аламын деген әр бала назардан тыс қалмай, олардың конституциялық құқығы қорғалуы керек.

Бұл жерде тағы бір басты мәселе, сыныптардың жиынтығы, мұғалімдердің тарификациясы, оқулықтар сатып алу 1-сыныпқа балаларды толық қабылдауға байланысты шешіледі. Сол себепті ата-аналарды құжат тапсыруға белсенді қатысуға шақырамыз, — дейді Гүлжан Құлыбекқызы.

 

 

Аудан Барлығы оның ішінде
  қазақ орыс
2022-2023 оқу жылы (болжам)
Ақтөбе облысы бойынша 19561 14512 5049
1 Алға 848 749 99
2 Әйтеке би 416 352 64
3 Байғанин 536 536  
4 Ырғыз 335 319 16
5 Қарғалы 286 143 143
6 Қобда 270 230 40
7 Мәртөк 563 377 186
8 Мұғалжар 1360 1170 190
9 Темір 862 776 86
10 Ойыл 350 325 25
11 Хромтау 920 725 195
12 Шалқар 965 900 65
13 Ақтөбе қ. 11850 7910 3940

Анықтама үшін:

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) өтініш;

2) денсаулық жағдайы туралы анықтама №065/у нысан №026/у-3 нысан);

3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button