Балаңыз түнде үйде болсын!

Рейд
«Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шараны өткізудегі мақсат —балалар еңбегі мен құқықтарын пайдалану фактілерін, сондай-ақ кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде және тұрғынжайдан тыс жерлерде болуын анықтау.
Іс-шара барысында алкогольді ішімдіктер ішіп, тыныштықты бұзатын, түнгі уақытта тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерді заңды өкілдерінсіз жүргендер менұсақ бұзақылық жасайтын кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ оларды қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға итермелейтін адамдарды анықтау бойынша рейд өткізу жоспарланған.
Полицейлердің айтуынша, түнделетіп көше кезіп жүргендердің ата-анасына алдымен ескерту жасалады. Егер құқықбұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Ал ата-анасы ауылдық жерде немесе басқа қалада болса, кәмелетке толмаған баласын қараусыз қалдырмай, сенімхат арқылы туысқандарына тапсырып кетуі керек. Сенімхаты жоқ туысқандар бала үшін жауап бере алмайды.
Ақерке САТЫБАЛДЫ.