Басты бет » Басты жаңалықтар » Ақтөбеде екінші халықаралық шахмат фестивалі өтті

Ақтөбеде екінші халықаралық шахмат фестивалі өтті

Ақтөбе қаласында «Владимир Дворкович мемориалы – Aktobe Open 2022» халықаралық шахмат фестивалі өтті. Фестиваль облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қолдауымен екі жыл қатарынан өтіп жатыр және танылып келеді.

Биыл шараға еліміздің өңірлері мен жақын шетелдерден келген 200-ден аса шахматшы қатысты. Олардың ішінде гроссмейстерлер мен шеберлер бар.
Дүниежүзілік шахмат федерациясының президенті – Аркадий Дворкович, тағы басқалар фестивальдің құрметті қонағы болды.

Еліміздің және жақын шет елдің мықты шахматшылары 13 600 000 теңге жүлде қорын сарапқа салды. Шараның жабылуы 22 маусым күні Өнер орталығында өтті. Қатысушыларға облыс әкімі атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар берілді.