Спорт

Халықаралық жарыс Ақтөбеде өтіп жатыр

Шахмат

Ақтөбеде «Владимир Дворкович мемориалы – Aktobe Open 2022» халықаралық шахмат фестивалі өтіп жатыр.

Өнер орталығында болып жатқан еліміздегі ең ірі шахмат фестиваліне Қазақстан өңірлерінен және шет елдерден 200-ден астам шахматшы қатысуда. Жүлде қоры — 13 600 000 теңге.

Фестивальдың ашылу салтанатында Халықаралық шахмат арбитрі, халықаралық шахмат федерациясының президенті болған ВладимирДворковичтің зайыбы Галина Дворковичсөз сөйлеп, Ақтөбеде осымен екінші рет өткізіліп отырған ауқымды шара ұйымдастырушыларына алғысын білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

2019 жылы осы қалада, дәл осы әсем Өнер орталығында  бірінші рет халықаралық шахмат фестивалі өткен болатын. Араға екі жарым жыл салып қайта келіп отырмын. Басында Владимир Дворкович атындағы шахмат жарысын жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу жоспарланған болатын. Бірақ әлемді шарпыған індетке байланысты өткен жылдары болмай қалған еді. Міне, бүгінде қайта жалғасын тапты. Мен бұл шараны Олимпиада деп айтар едім. Өйткені шетелден мұнда көптеген жастар келеді. Бірнеше мемлекеттің өкілдері қатысады. Баршаңызға жеңіс тілеймін, — деді  Галина Дворкович.

Владимир Дворкович Таганрог педагогикалық институтын бітіргеннен кейін жолдамамен осы қалаға жіберілген. Сол себепті шахмат жарысын өткізуге Ақтөбе қаласы таңдалды.

Одан кейін сөз алған Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры ӘнуарИсмағамбетов мұндай турнирді өткізуге атсалысқан Ақтөбе облысының әкімінеҚазақстан шахмат федерациясының атынан алғысын жеткізіп, бұл біздің жас шахматшыларға берілген жақсы мүмкіндік екенін айтты. Өйткені шетелдік ойыншылармен тәжірибе алмасады, үйренеді, бәсекелес болуға ұмтылады.

Ойыншылардың арасында11 халықаралық гроссмейстер, 8 халықаралық шебер,  7 ФИДЕ шебері,  4 әйелдер арасындағы халықаралық шебер,  2 әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер,  1 әйелдер арасындағы ФИДЕ шебері бар.

Шахмат шеберлерінің сайысы 23 маусымға дейін жалғасады.

С.ЖҰБАНҒАЗИН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button