Жаңалықтар

Ішкі туризмді дамытуға көңіл бөлінуде

Туризм

«Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова өңір басшысының қабылдауында болды», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Оңдасын Оразалин ведомстволардың ішкі туризмді дамыту саласындағы ағымдағы қызметтері жайлы есептерін тыңдады.

Баяндамашылар пандемия ішкі туризмді дамыту қажеттігін көрсеткенін атап өтті. Нәтижесінде 2020 жылдан бері облыстың барлық туристік бағыттары өзектендірілген. 2021 жылдың соңында әуежайда «Visit Aktobe» туристік-ақпараттық орталық ашылған болатын. Онда жергілікті туристік өнімдер, көрнекі жерлер, мәдени шаралар, экскурсиялық бағыттар туралы толық ақпарат алып, Ақтөбе облысын бейнелейтін кәдесыйларды сатып алуға болады.

Туризмді дамыту мақсатында мемлекеттік қолдау шаралары белсенді жүзеге асырылуда. Осылайша 2020 жылы «Бизнестің жол картасы» аясында туристік сала субъектілеріне 5 грант бөлінсе, биыл тағы 1 грант берілмек. Кәсіпкерліктің бес субъектісіне «Бизнестің жол картасы» аясында инфрақұрылым жүргізілген болатын.

«Қабылданған шаралар оң нәтижелерін беріп те жатыр. Мәселен, осы жылы «Yurta Park-те» аквапарк ашылады және «Қасқыр сарқырамасына» глэмпинг ұйымдастырылған болатын. Туристік орындарда қажетті инфрақұрылым кезең-кезеңімен дамып келеді», — деді кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов.

Кездесу барысында туристік бағытқа кіретін жолды жөндеу мен салуға қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Облыс әкімі ішкі туризм өңір экономикасын ынталандыратын пәрменді құралдардың бірі бола алатынын атап өтті. Сондықтан туристік нысандарға қолайлы әрі қауіпсіз баруды қамтамасыз ету маңызды.

Айта кетейік, биыл Байғанин ауданының Алтай батыр ауылына дейінгі жол жөнделеді. Оның қасында өңірдің көрікті жерлерінің бірі Аққұмсағыз құмды алқабы орналасқан.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button