Спорт

Мемлекеттік қызметшілер Мәртөкте жиналды

Спартакиада

Мемлекеттік қызметшілер арасында 13 мамырда басталған облыс әкімінің кубогына арналған облыстық көшпелі спартакиада бұл жолы Мәртөкте ұйымдастырылды. Спартакиада бағдарламасынақазақ күресі бірінші рет енгізіліп отыр.

Кеңседегі жұмысын бір сәтке спортзалына айырбастаған қатысушыларертемен аудандық денешынықтыру-сауықтыру кешенінежиналды. Спортзалында әуелі Әнұран шырқалып, облыстың жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерінен құралған 15 команда ортаға шықты.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Мәртөк ауданының әкімі Алмас Салықбаев:

— Ауданда спорт саласы бойынша біршама жұмыс атқарылуда. Бүгінде Мәртөк ауданында 2 спорт кешені және 50 спорт алаңы бар. Биыл Жайсаң, Сарыжар, Родников және Қаратоғай ауылдарында да спорт кешенінің құрылысы басталды. Қазақ күресінен ауданымыздан ел чемпионатының жүлдегерлері, республикалық турнир жеңімпаздары, спорт шебері, спорт шеберлігіне үміткерлер шықты. Мемлекеттік қызмет ең әуелі үлкен жауапкершілік, біліктілік пен үнемі шыңдалуды талап етеді. Барлығыңыз өз салаңыздың білікті маманы екендіктеріңізге сенімім мол,— деді.

Ақтөбе облысы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметінің бас инспекторы Алмас Құрманғалиев әріптестеріне сәттілік тілеп, спартакиаданы қолдаған Мәртөк ауданы әкімдігіне рақмет айтты.

Аудан өнерпазы Мұхамбетжан Ұзақбаев«Мемлекеттік қызметкер» әнін орындап,  көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мемлекеттік қызметшілер бес салмақ бойынша өзара сынға түсті.

Әйтеке би ауданынан келген команда капитаны, Әлемнің екі дүркін чемпионы Бақтыбай Қисықовтың бапкері Рүстем Ермағамбетов қазақ күресінің спартакиада бағдарламасына қосылғанына қуанышты.

— Біз Балуан Шолақ, Қажымұқан аталарымыздың  жолын қуған ұрпақпыз. Қазақ күресін дәріптеп, насихаттай бергеніміз жөн. Біздің ауданда қазақ күресіне қызығушылық білдіретіндер аудандық балалар мен жасөспірімдер мектебінің залында жаттығады. Аудан орталығында денешынықтыру және спорт кешені салынып жатыр, — дейді Рүстем Ермағамбетов.

Байғанин аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Данияр Қоштанбековаудандықбалалар мен жасөспірімдердіңспорт мектебінде палуандар даярлап жүрген 9бапкер олимпиадалық спорт түрі — дзюдоға ауысқанын, қазір балаларды қазақ күресіне жаттықтырушы Нұрлыбек Бурабай үйретіп жүргенін айтты. «Алдағы 2022-2023 оқу жылында спорт мектебінде қазақ күресінен 6 топ ашуды жоспарлап отырмыз», — дейді ол.

Ойыл ауданы командасын бастап келген аудандық мәслихаттың хатшысы Сәкен Займолдин:

—Биыл бірінші рет спартакиада бағдарламасына ұлттық спортымыз — қазақ күресі енгізілді. Қуаныштымыз. Ойылдағы мемлекеттік қызметшілер аптасына үш рет тұрақты түрде спортзалда жаттығады. Біздің ауданда материалдық база жақсы. Биыл аудан орталығында 400 миллион теңгеге бассейні бар денешынықтыру және сауықтыру кешені салынды. Бұрынғы кешен де бар. Ауылдарда шағын футбол алаңдары мен балалардың ойын алаңдары да салынып жатыр, — дейді.

Боз кілем үстінде бағын сынаған мемлекеттік қызметшілер ойыны тартысты өтті. Мемлекеттік қызметшінің барлық жағынан үлгі болып жүруін ескерсек, олардың оң имиджін қалыптастыруда осындай спартакиаданың да орны бөлек. Төрешілердің шешішіменжалпыкомандалық есеп бойынша, үздік нәтиже көрсеткен Ырғыз ауданының командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Әйтеке би ауданының командасы, үшінші орынды Ақтөбе қаласының командасы иеленді.

Мемлекеттік қызметшілердің спартакиадасы 3 мамырда Ойыл ауданында басталып, қатысушылар шахмат, дойбы, жүзу сынды спорттық ойындарда бақ сынап, өзара мықтыларды анықтады. Ал 20-21 мамырда Қандыағаш қаласында шағын футболдан сынға түсіп, ойын қызықты да тартысты өтті.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button