Референдум

Тұрғындармен кездесті

Республикалық референдумға байланысты қоғамдық ойпікір­ді талқылаптаразылау жұмыстарын жүргізу үшін Қобда ауданының Қосестек ауылында тұрғындармен кездесу өтті.

Кездесуге аудандық штабтың төрағасы З.Дербесбаев және штаб мүшесі С.Бисенов қатысты.
Жиын барысында аудандық штаб мүшелері алдағы референдумның Қазақстанның бүгіні ғана емес, келешек тағдырына да әсер ететін маңызды оқиға екенін атап өтіп, Конституцияға енгізілгелі отырған өзгертулер, түзетулер төңірегінде тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Жиын соңында штаб мүшелері тұрғындарды елімізді саяси жаңғыртуға бағытталған бастамаларға қолдау көрсетіп, 5 маусымда өтетін референдумға  қатысуға шақырды.

А.САРЫБАЙ,

Қобда ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button