Спорт

«Алтын доп» жарысына қатысады

Баскетболдан«Алтын доп» ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңінде В.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің командасы жеңімпаз атанды.

Ербол Набиевжаттықтыратын бұл команда, сөйтіп,маусым айында өтетін республикалық турнирге жолдама ұтып алды.

Алғалық жас баскетболшылардың бұл жеңісі кездейсоқ нәтиже емес, өйткені ауданда балалар арасында осы спорт түрін дамытуға көп көңіл бөлініп отыр. Биыл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен BASKETBALL FEST аудандық баскетбол фестивалі өтіп, оған 5-11 сыныптарда оқитын 200-ден астам оқушы қатысты.

Сонымен қатар В.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің90 жылдығына орай, мектеп түлектерінің қолдауымен баскетболдан облыстық турнир ұйымдастырылған болатын.

Біз жас баскетболшыларымыз алдағы жарыста облыс намысын абыроймен қорғайды деп үміттенеміз.

 Әсел АБДУЛЛИНА,

Алға ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button