Спорт

Екі кездесу кейінге шегерілді

Премьер-Лига

21-22 мамыр күндері 12-тур кездесулері өтті.

21 мамыр күні Шымкентте өтіп жатқан «Ордабасы»-«Ақсу» командалары арасындағы кездесу кезінде қатты дауыл салдарынан стадион шатыры ұшып түсті де, кездесу ойын ортасынан тоқтатылды. Зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ қолайсыз ауа райына байланысты Түркістанда ойын басталуына санаулы минуттар қалғанда «Тұран» мен «Ақтөбе» арасындағы кездесу де кейінге шегерілді.

Басқа кездесулерге келер болсақ, «Астана» 90+4 минутта соққан голы арқылы тең ойынға әрең қол жеткізді. Өткен алты тур бойы жеңіске жете алмаған, соның ішінде соңғы екі турда қатарынан ойсырай ұтылған «Қайрат» бұл жолы жеңіске ие болды. Жеңіссіз өткізген жеті турдан соң «Қызылжар» да ұтысқа жетті. Өткен турда «Ақтөбеден» жеңілген, бұл жолы жаңа бас бапкер (Милан Миланович) тізгінін ұстаған «Тобыл» биылғы чемпионат аутсайдерінен басым түсті. Бес минут ішінде екі футболшысы алаңнан қуылған қарсыласын жеңген «Каспий» қайтадан көш басына шықты.

«Атырау» (Атырау)-«Астана» (Нұр-Сұлтан) — 1:1

73-минутта екінші рет ескерту қағазын алған Жереми Манзорро («Астана») алаңнан қуылды.

«Тобыл» (Қостанай)-«Мақтаарал» (Түркістан облысы) — 4:2

«Каспий» (Ақтау)-«Тараз» (Тараз) — 2:1

27-минутта Мақсат Тайкенов («Каспий») орындаған пенальтиде доп қақпа маңдайшасына тиіп, кері серпілді.

24-минутта Елдос Ахметов, 29-минутта екінші рет ескерту қағазын алған Бауыржан Байтана алаңнан қуылды. Екеуі де «Тараз» командасынан.

«Қайрат» (Алматы)-«Шахтер» (Қарағанды) — 2:0

«Қызылжар» (Петропавл)-«Ақжайық» (Орал) — 2:0

*   *   *

Он екі турда 80 кездесу өткізіліп, 181 гол соғылды. Қақпаларға орта есеппен әр ойында 2,26  голдан өткізілді.

*   *   *

«Ақтөбе» командасы 11 кездесу өткізіп, 5 рет жеңді, 2 рет тең ойнады, 4 рет ұтылды.  Ұпай саны — 17. Доп айырмашылығы — 11:14.

Біздің мергендеріміз:

Уго Видемонт, жартылай қорғаушы — 4 гол;

Сердер Сердеров, жартылай қорғаушы — 2 гол;

Жерар Гоу, шабуылшы — 2 гол;

Артурас Жулпа, жартылай қорғаушы — 1 гол;

Никита Маляров, жартылай қорғаушы — 1 гол;

Йоахим Адукор, жартылай қорғаушы — 1 гол.

*   *   *

Он екі турдан соң көш басына 22 ұпаймен қайтадан «Каспий» келді.

2-3 орын иелері — 21 ұпайдан жинаған «Астана» мен «Тараз».

19 ұпай жинаған «Атырау», 18 ұпайы бар «Тобыл», 17 ұпай жинаған «Ақтөбе»  4-6 орындарда тұр.

7-8 орындарға 16 ұпайдан жинаған «Шахтер» мен «Қайрат» орналасты.

9-11 орындарға жайғасқандар — 14 ұпайы бар «Ордабасы», 13 ұпайы бар «Ақсу», 12 ұпайы бар «Қызылжар».

11 ұпайдан жинаған «Тұран» мен «Ақжайық» 12-13 орындарды бөліссе, көш соңында, 14-орында 9 ұпаймен «Мақтаарал» тұр.

«Ақсу» мен «Тұранның» басқалардан 2 кездесуі, «Ақтөбе», «Шахтер», «Ордабасы», «Ақжайық» командаларының 1 кездесуі кем екендігін еске саламыз.

*   *   *

Бірінші айналымды аяқтайтын 13-тур ойындары 25-26 мамыр күндері өтеді:

25 мамыр, сәрсенбі:

«Шахтер» — «Атырау»

«Ақсу» — «Қайрат»

«АҚТӨБЕ» — «ОРДАБАСЫ»

26 мамыр, сейсенбі:

«Мақтаарал» — «Тұран»

«Ақжайық» — «Каспий»

«Тараз» — «Тобыл»

«Астана» — «Қызылжар»

Е.АХАТҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button