Спорт

Шағын футболдан жарысты

Мемлекеттік қызметшілер арасында өткен пилоттық «Aqtobe qyzmet cup» шағын футбол чемпионаты өз мәресіне жетті.

Турнирдің мақсаты — бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және мемлекеттік қызметшілердің спортқа деген қызығушылығын арттыру.

«Aqtobe qyzmet cup» додасына 8 команда қатысып, өзара үздіктер анықталды. Турнирге 100-ге жуық қызметкер қатысты. Барлық ойын жұмыстан тыс уақытта, демалыс күндері өткізілді.

Жарыстың жабылу салтанатында облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров қатысушыларды Жеңіс күнімен құттықтап, Алғыс хаттар мен дипломдар, жеңімпаз командаға «Aqtobe qyzmet cup» кубогін табыстады.

Тартысты доданың нәтижесінде І орын мен чемпион кубогын облыстық ішкі саясат, цифрлық технологиялар басқармалары мен облыстық мәслихат қызметкерлерінен  құралған команда жеңіп алса, ІІ орынды экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы басқармаларының командасы, ал ІІІ орынды облыстық кәсіпкерлік басқармасының командасы иеленді.

Сонымен қатар турнирде «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» және «Үздік салынған гол» номинациялары бойынша жеңімпаздар да марапатталды.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button