Басты жаңалықтарМереке

Қадірлі мұсылман қауымы! Құрметті жерлестер!

Сіздерді Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке — кешірім мен мейірімділік мерекесі. Бұл күн — бейбітшілік пен келісімнің жаңа нұрын себуші.

Ораза айт кезінде ата-бабаларымыз жетім-жесірді жебеу, мұқтажға қол ұшын беру сияқты игі дәстүрлеріміз арқылы өзгеге өнеге болатын ізгі әрекеттерді қалыптастырды. Осындай асыл үрдістерді ғасырлар бойы  жалғастырып келеміз.

Сондықтан баршаңыздың Айт мейрамының рахатын мейлінше сезінулеріңізге, қасиетті айда жан мен тәндеріңіз толықтай тазарып, рухани қуат алып, көркем мінез бен кемелдіктеріңіз барынша сақталуына тілектеспін.

Құрметті жерлестер, жасалған игі амалдар, оқылған Құран мен намаздар, айтылған дұға-тілектер, ниеттер қабыл болсын!

Көптің имандылығы, халқымыздың елдігі арта берсін!

Әр отбасына  береке-бірлік, мол бақыт, бәріңізге зор денсаулық тілеймін!

Ораза айт құтты болсын!

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын ОРАЗАЛИН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button