Спорт

Тағы да ұялтқан ұтылыс

Премьер-Лига

26-27 сәуір күндері 8-тур кездесулері өтті.

Бұл турда «Қайрат» қатарынан екінші рет жеңілді. «Тобыл» мен «Астана» итжығыс түсті. Өткен турда 0:4 есебімен ұтылған «Каспий» бұл турда 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Сегіз турда 54 кездесу өткізіліп, 108 гол соғылды. Қақпаларға орта есеппен әр ойында 2 голдан өткізілді.

*   *   *

«Ақтөбе» сырт алаңда «Тараз» командасымен кездесті. Тағы да үміт ақталмады. Қақпамызға жауапсыз үш гол соқтырып алған футболшыларымыз қалайша ақталудың ретін де таба алмай қиналды. Артурас Жулпа: «Шынымды айтсам, қандай да бір ақталарлық сөз тауып айта алмай тұрмын», — десе. «Мынадай ойыннан соң Ақтөбеге, отбасыма, қаламыздағы жанкүйерлеріме қалай оралатынымды ойлап ыңғайсызданып-ақ отырмын», — деді Уго Видемонт. Ал бас бапкер Владимир Муханов үнсіз қалды. Үнсіз қалмасқа амалы да қалмаған сияқты. Сол күні В.Мухановқа бас бапкерлік лауазымымен қоштасуға тура келді де, бұл міндет уақытша Петр Бадлоға жүктелді. Тәп-тәуір футболшылардан жасақталған команда үшін, әрине, дүние күйіп кеткен ештеңесі жоқ. Көш басында тұрған командадан бес-ақ ұпайымыз ғана кем. Келер күндерге сенім артайық.

«Тараз»-«Ақтөбе» — 3:0

Гол авторлары: Жақып Қожамберді, 40-минут (1:0); Абылайхан Жұмабек, 52-минут (2:0); Абылайхан Жұмабек, 60-минут (3:0).

*   *   *

Біздің мергендеріміз:

Уго Видемонт, жартылай қорғаушы — 4 гол;

Артурас Жулпа, жартылай қорғаушы — 1 гол;

Жерар Гоу, шабуылшы — 1 гол;

Никита Маляров, жартылай қорғаушы — 1 гол.

Жерлестеріміз 8 кездесу өткізіп, 3 рет жеңді, 2 рет тең ойнады, 3 рет ұтылды.  Ұпай саны — 11. Доп айырмашылығы — 7:10.

*   *   *

Басқа кездесулер:

«Ақжайық» (Орал)-«Ақсу» (Павлодар облысы) — 0:1

«Тобыл» (Қостанай)-«Астана» (Нұр-Сұлтан) — 1:1

45+5 минутта пенальти орындаған Игорь Сергеев («Тобыл») допты қақпа маңдайшасынан әлдеқайда асыра тепті.

«Қызылжар» (Петропавл)-«Мақтаарал» (Түркістан облысы) — 1:1

«Тұран» (Түркістан)-«Атырау» (Атырау) — 0:0

«Каспий» (Ақтау)-«Шахтер» (Қарағанды) — 4:0

«Ордабасы» (Шымкент)-«Қайрат» (Алматы)— 2:1

75-минутта пенальти орындаған Рикарду Алвеш («Қайрат») қақпашыдан айласын асыра алмады.

*   *   *

Сегіз турдан соң көш басында 16 ұпаймен «Каспий» тұр.

2-3 орындарға 14 ұпайдан жинаған «Ордабасы» мен «Тараз» келді.

4-6 орын иелері — 13 ұпайы бар «Астана», 12 ұпайдан жинаған «Тобыл» мен «Қайрат».

7-8 орындарды 11 ұпайдан жинаған «Атырау» мен «Ақтөбе» бөлісіп тұр.

9-10 орындарға 10 ұпайдан жинаған»Шахтер» мен «Ақжайық» орналасса, 11-12 орын иелері — 7 ұпайдан жинаған «Ақсу» мен «Тұран».

13-14 орындарға 6 ұпайы бар «Қызылжар» мен 5 ұпайы бар «Мақтаарал» жайғасты.

«Шахтер», «Ақжайық», «Ақсу», «Тұран» командаларының басқалардан бір кездесулері кем екендігін еске саламыз.

*   *   *

9-тур ойындары 1-2 мамыр күндері өтеді:

1 мамыр, жексенбі

«Атырау» — «Ордабасы»

«Астана» — «Туран»

2 мамыр, дүйсенбі

«Шахтер» — «Тобыл»

«Қайрат» — «Қызылжар»

«Ақсу» — «Каспий»

«АҚТӨБЕ» — «АҚЖАЙЫҚ»

«Мақтаарал» — «Тараз»

Е.АХАТҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button