Басты жаңалықтарДенсаулық

Бала денсаулығы — басты назарда

Жаңа туған нәресте мен тілі былдыр сәбилер шырылдап жылағанда, қай жерінің ауырып тұрғанын дөп басып білу асқан байқампаздық пен жоғары біліктілікті, зор жауапкершілікті қажет етеді. Бауыр еті — баласы ауырса, кез келген ата-ана жанын қоярға жер таппай бәйек болады, шарқ ұрып, шипа іздейді. Мұндайда ата-ана білікті педиатрдың көмегіне жүгінгісі келеді. Ал өңірде балалар дәрігері жеткілікті ме? Балаларға көрсетілетін медициналық көмек қолжетімді ме?Балалар денсаулығына қатысты осы секілді бірқатар сұрақтарды облыстың бас педиатры Лаура Темирашеваға қойған едік…

— Баласы ауырғанның бәрі балалар дәрігерін іздейді. Облыста педиатрлар жеткілікті ме?

— Қазіргі таңда елімізде жоғары медициналық оқу орындарында педиатриялық факультеттердің жабылуы салдарынан педиатр мамандарының тапшылығы байқалып отыр. Бұрын балаларға педиатр, ересектерге терапевт медициналық қызмет көрсететін. Денсаулық сақтау саласындағы өзгерістерге сай,егер емханада педиатрлар болса, баланы 6 жасқа дейін солар қарайды. Содан кейін жалпы тәжірибелі дәрігерлердің бақылауында болады. Егер учаскелік емханасында педиатр болмаса, туғаннан бастап 18 жасқа дейін жалпы тәжірибелі дәрігерлерге көрінеді.

— Балалар арасында қандай аурулар жиі кездеседі?

Балаларда ең жиі кездесетін аурулар тобы — респираторлы вирусты инфекциялар. Бұл жағдайларда балаларда көбіне тыныс жолдары зақымдалып, мұрынның бітелуі, жөтел, дене қызуының көтерілуі сияқты клиникалық белгілер байқалады. Балада осындай белгілер байқалса, ата-ана өзінің учаскелік дәрігерлерімен тығыз байланыста болып, дер кезінде медициналық көмекке жүгінгені жөн. Егер бала су іше алмаса немесе еме алмаса, дене қызуытүспесе, тынысы жиілесе, қиындаса, нәжісінде қан пайда болса, 2 айлыққа дейінгі баланың алақандары мен табандарында сарғаю болса, емуден бас тартса, міндетті түрде медициналық қызметкерге хабарласу керек.

Жаңа туған нәрестелерге келетін болсақ, әсіресе бір айға дейінгі балаларда сарғаюмен сипатталатын патологиялық жағдайлар жиі кездеседі. Олардың негізгі себебі — құрсақішілік инфекциялар, оларға цитомегаловирусты инфекция, жай герпес вирусы, хламидиоздар және тағы басқалары жатады. Бұл инфекциялар анасынан құрсақтағы балаға беріліп, патологиялық жағдай әлі тумаған балада басталады. Тіпті бұл инфекциялар кей баланың әртүрлі туабіттіаурулармен дүние есігін ашуынаәкелуі мүмкін. Кейбіреуіне тумай жатып бірнеше ауру жамалады. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін ең әуелі отбасын жоспарлау, ауырғанда дер кезінде уақыт өткізбей медициналық көмекке жүгіну, үй жағдайында балаға қажетті күтімді ұйымдастыру қажет.

— Сонда нәрестелер арасында туабітті ауруларкөп пе?

— Облыстағы сәбилердің шетінеуі негізінен туабітті аурулардың салдарынан  болады. Әсіресе туабітті жүрек ақаулары, асқазан-ішек жолдарындағы өңеш, тік ішек атрезиялары, орталық жүйке жүйесінің ақаулары, сонымен қатар хромосомдық ақаулар да жиі кездеседі. Жүктілік кезіндетуабітті дерт көбіне ультрадыбысты тексеру кезінде анықталады. Ондай кезде жүкті әйел генетик маманның кеңесіне жолданады. Соңғы кезде әйелдердің генетикке барудан бас тартуы немесе баланың мүгедектігіне әкелетін ақаулардың бар екенін біле тұра жүктілікті үзуден бас тартуы көбейді. Әрине, әр шаңырақтабөпе болғаны жақсы, дегенмен бірнеше ақаумен туған баланың әрі қарай өмірі қандай болмақ? Жүкті аналар осы сауал төңірегінде ойланса екен.

Бала тапсыратынталдаулардың бәрі (анализ) тегін бе?

— Бала туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі кезеңде қажеттілігіне қарай кез келген талдау түрін ақысыз тапсыра алады. Ол үшін тіркелген медициналық мекемесіне барып, учаскелік дәрігерінен жолдама алса жеткілікті. Егер учаскелік емханаңызда талдаудың қажет түрі жасалмаса, мекеметалдау жасалатын басқа зертханамен келісімшартқа тұрып, жолдама беруге тиісті.

Баланың тісі ауырса, қай жерге апаруға болады? Тегін емхана облыс бойынша біреу ғана ма? Әлде басқасы бар ма?

— Бүгінде балаларға тегін стоматологиялық көмек беретін емханалар қатары көбейді. Облыстық балалар стоматологиялық емханасынан бөлек жеке стоматологиялық емханалар да балаларға тегін қызмет көрсетіп отыр. Олар: «Дана Дентал», «Дисикуш», «Даймондент», «Орынбасаров», «Стом Династия», «Стом Меда-Актобе». Аталған емханалардан медициналық көмек алу үшін тіркелген медициналық мекемеден жолдама алсаңыз жеткілікті.

Балалар арасындағы қандай ауруларды емдеуге квота (жоғары мамандандырылған медициналық көмек) бөлініп отыр?

— Соңғы жылдардың мәліметтеріне сүйенсек, әсіресе балалардағы қан жүйесінің қатерлі ісіктерін емдеуге, кардиохирургиялық және нейрохирургиялық операциялар жасау үшін квоталар беріледі.

Бұрынбалаларасханалары мен сүтдүкендеріболатын. Бұғанқазірқаншалықтымәнберілген? Сүтберілсе, кімдергетегін беріледі?

— Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша сүт қоспаларын беру тәртібі белгіленген. Соған сай тегін сүт қоспаларымен қамтамасыз етілетін топтар бар. Бұл топқа ең әуелі жасанды тамақтанатын балалар, «үйеңкі шәрбаты» несеп ауруы бар балалар, асырап алынған балалар және күндізгі оқу бөлімінде оқитын аналардың балаларыжатады. Сондай-ақ АИТВ инфекциясымен, туберкулездің белсенді түрімен ауыратын, цитостатиктерді немесе радиобелсенді препараттарды қабылдайтын, психикалық аурулары, декомпенсация сатысындағы жүрек аурулары, қатерлі ісік аурулары бар аналардың балаларына да тегін сүт қоспалары беріледі.

Балалар қазір түрлі гаджеттерге үңіліп, уақытында тамақ ішпейді. Фаст-фуд жейтіні тағы бар. Баланы дұрыс тамақтандыруға қатысты не айтар едіңіз?

— Бұл — үлкен мәселе. «Ауру — астан» дейді ғой. Дұрыс тамақтанған адам жиі ауырмайды. Қазір көп ата-ана балаларының тамақ ішпейтінін айтып шағымданады. Соған қарағанда бүгінде бір дастарқан басында отырып, бірге тамақтанатын отбасылық дәстүр де қалып бара жатқанға ұқсайды. Меніңше, балаға тиімді күн тәртібін белгілеуді ерте жастан үйреткен абзал. Мәселен, бала уақытында отбасымен бір үстелдің басында жиналып, тамақтануы тиіс. Осының барлығы балағакішкентай кезінде отбасы мүшелерінің үлгісі негізінде көрсетілсе, өсе келе ол уақтылы тамақтанатын болады. Әрі бұлденсаулығына, дамуына оң әсер етеді. Уақытында тамақ ішпеу, фастфудтарға әуес болу әр түрлі ауруларды тудырады. Асқазанның қабынуы, ішек жолдарының ауруы, анемия, темір жетіспеушілік, түрлі аллергиялық аурулардұрыс тамақтанбаудың кесірінен болып жатады.

Әрине, смартфонды көп ұстау сәбиге өте зиян. Әсіресе гаджеттер жүйке жүйесінің сезімталдығын жоғарылатып, баланы агрессивті етеді. Сондықтан балаға «болмайды» деген тыйым сөзді тілі шықпай жатыптүсіндірген абзал.

Пандемияның салдарынан балалардың иммунитеті төмендеп, тыныс алу жүйесі де әлсірегендей. Вакцинаға қатысты айтсаңыз. Кімдерге вакцина алуға болмайды?

— Кез келген вакцина ағзаны инфекциядан қорғау үшін жасалады. Полиомиелит, қызылша, шешек аурулары вакцинаның арқасында күрт төмендеді, қазір тіпті кездеспейді деп айтсақ та болады. Иммунизация тек қана дені сау балаға жасалуы тиіс, сондықтан екпенің алдында бала дәрігердің қарауында болуы керек.

Біздің елде балаларға коронавирусты инфекцияға қарсы «Pfizer»вакцинасы жасалады. Оныбелсенді затқа немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне аллергиясы барлар салдырмайды. Ал полиэтиленгликольге немесе соған байланысты молекулаларға белгілі ауыр аллергиялық реакциясы бар адамдар вакцина аларда дәрігермен кеңескен жөн. Себебі полиэтиленгликоль — вакцинаның құрамдас бөлігі.

Балалар жылына орай бала денсаулығынақатысты қандай да бір шаралар өткізіле ме?

—Балалар жылы аясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан арнайы жоспар құрылып, бірқатар іс-шара жүзеге асырылып жатыр. Мысалы, 15 ақпанда —  қатерлі ісікке шалдыққан балалардың халықаралық күнінде облыстың барлық медициналық мекемелерінде акциялар ұйымдастырылып, балаларға сыйлықтар берілді. Сирек кездесетін аурулармен сырқаттанған балалар үшін де облыстық перинаталдық орталықтың генетик мамандарының ұйымдастыруымен шара өткізілді. Жылдың соңына дейін осындай түрлі шаралар белгіленген. Сонымен қатар балаларға операциялар жасау үшін республикалық ғылыми орталықтардан арнайы мамандарды шақырып, шеберлік кластар ұйымдастыру жоспарланып отыр.

 Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button