БілімБасты жаңалықтар

Қазақ мектептеріндегі  білім сапасы төмен емес!

Қазақ мектептеріндегі білім сапасы туралы ел арасында түрлі пікір бар. Бірі ұлт мектебінің сапасы сын көтермейді десе, екіншісі «жетістіктің негізі қазақ мектептеріне тиесілі» деген уәж айтады. Жаңсақ пікірдің салдары қазақ тілінде білім алатын балалардың пайыздық үлесінің төмендеп кетуіне соғып отыр отыр.

Мемлекет басшысы ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты азайтуды тиісті министрлікке нықтап міндеттеді. Биылдан бастап қолға алынған «Білімді ұлт» ұлттық жобасының басым бағыттарының бірі осы мәселені шешуге бағытталған.

Біз өңірдегі қазақ мектептерінің жай-күйі туралы білмек ниетпен облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлжан Құлыбековамен әңгімелескен едік. Сонымен…

Қазақ мектебінде білім сапасы төмен бе?

Әр 3 жыл сайын өткізілетін халықаралық зерттеу —  PISA-ның (Programme for International Student Assessment) соңғы қорытындысы көңілге күдік ұялатқаны рас. РІSА аясындағы тестілеу барысында оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бағаланатыны белгілі. Функционалдық сауаттылықтың осы үш түрі бойынша шыққан көрсеткіште біздің облыс 10-орынды қанағат тұтты. Ал ең соңғы орындарда Маңғыстау мен Атырау облыстары тұр.

Халықаралық зерттеуде алдыңғы қатарларды Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар секілді орысы басым облыстар еншіледі. Жұрт арасында «Қазақ мектептерінің білім сапасы төмен» деген пікір қалыптасуына осы себеп болды. Дегенмен бұл жетістікке қазақ тіліндегі мектептің балалары жетуі мүмкін ғой.

PISA — балалардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы. Зерттеудің бұл түрі әрбір қатысушы елдің білім беру жүйесінің стратегиялық мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Дегенмен бір ғана осы зерттеуге қарап еліміздің немесе әр өңірдің мектептеріндегі білім сапасын бағалау дұрыс емес. Өйткені PISA білім сапасын анықтауды мақсат еткенмен, аталған зерттеуге Қазақстандағы, өңірдегі барлық білім шаңырақтары қатыспайды. Әр 3 жыл сайын өткізілетін зерттеуде әртүрлі мектептер қатысады, оны халықаралық деңгейде анықтайды. Мысалы, 2018 жылы ұйымдастырылған зерттеуге өңірдегі 31 мектеп қаттысса, қазір PISA-ға облыстағы 32 білім беру ұйымы қатысып жатыр, оның 26-сы — мектеп, — дейді Гүлжан Құлыбекқызы.

Облыстық білім басқармасының қызметкерлері өңірдегі қазақ және орыс мектептеріндегі білім сапасы туралы сараптама жасапты. Сараптама нәтижесі қазақ тілінде білім алатын балалардың білім сапасы жоғары екенін көрсетіп отыр.

Мысалы, өткен, 2020-2021 оқу жылының қорытындысын алайық, халықаралық деңгейдегі білім олимпиадаларында жеңімпаз болған 86 оқушының 79-ы (92%-ы) — қазақ тілінде оқыған балалар. 7-еуі ғана орыс тілінде білім алған оқушылар.

Негізгі және орта мектепті бітірген балалардың білім сапасына тоқталсақ, қазақ тілінде білім алған 9-сынып оқушыларының көрсеткіші —61,2%,  ал орыс тіліндегі сыныптардағы балалардың білім сапасының үлесі —  56,1%.

11-сыныптарда қазақ тіліндегі оқушылардың білім сапасы — 64,7%, орыс тіліндегі сыныптарда бұл көрсеткіш —  60,3%.

Тағы бір мысал, тұңғыш Президент Қоры мен «Елбасы Академиясы» корпоративті қорының шешімі негізінде 2021 жылы «Мың бала» ұлттық олимпиадасының жеңімпазы атанған 34 оқушының барлығы да қазақ мектебінің балалары.

Сол себепті қазақ мектептеріндегі білім сапасы төмен деп айта алмаймыз, — дейді басқарма қызметкері.

Ауыл мен қала баласы:

алшақтық қайтсе жойылады?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген «Білімді ұлт» ұлттық жобасының басты мақсаты — сапалы білім беру. 4 негізгі бағыттан, 5 міндеттен тұратын құжаттың екінші міндеті — орта білім беру сапасын арттыру. Нақтырақ айтқанда, өңірлер, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты азайту.

Ұлттық жобада ауыл мен қала мектептерінің арасындағы алшақтықты азайтуда нақты міндет жүктеліп отыр. Ауыл мектебі дегеніміз, негізінен, қазақ мектептері ғой. Өңірде 183 ауыл мектебі бар.  

Ұлттық жоспар жүктеген міндетке сәйкес, оқушылардың функционалдық, математикалық сауаттылығын қалыптастыру бойынша тәжірибелерді зерделеу арқылы педагогтерге көмекші құралдар дайындалып, жинақталып жатыр. Шағын жинақты ауыл мектептеріне әдістемелік қолдау көрсететін 11 ресурстық орталық (31 магниттік мектеп) жұмыс жасайды. Ресурстық орталықтар мұғалімдердің тәжірибе алмасу алаңы деуге болады. Мұнда үздік ұстаздар тәжірибелерімен бөліседі.

Ел көлемінде ұйымдастырылып жатқан «Мың бала» ұлттық олимпиадасының мақсаты да осы — ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты азайту. Бұл білім бәйгесі 5-6 сыныптарда оқитын ауыл балалары арасында ұйымдастырылады. Солардың арасынан неғұрлым қабілетті мың бала іріктеліп алынады. Байқау жеңімпаздары еліміздің дарынды балаларға арналған үздік білім шаңырақтарында — республикалық физика-математика мектептерінде, «Білім-Инновация» лицейлерінде, «Дарын» мамандандырылған мектептерінде оқиды.

Әйтеке би ауданы Басқұдық орта мектебінің оқушысы Ерқанат Кеңшілік осы «Мың бала» олимпиадасында топ жарып, жеңімпаз атанды. Ол республикалық байқаудың «Ең үздік 30 оқушы»тізіміне енді. Ерекше қабілетімен танылған бала былтыр  конкурссыз Ақтөбедегі «Білім-Инновация» лицейіне қабылданды. Қазір сол Ерқанат 8-сыныпта оқып жатыр. Күні кеше өткен облыстық олимпиадада ол 9-сыныптағы оқушылармен бірге математика пәнінен бақ сынап, 1-орын иеленді. Енді Ерқанат республикалық пәндік олимпиадада облыс намысын қорғайтын болады.

Бұдан шығатын қорытынды: ауыл мектептерінің бәрінде бірдей білім сапасы төмен емес. Бұл — бір. Екіншіден, ауыл балаларын қолдап, дарынды жастардың қабілетін  шыңдай түсуге мемлекет тарапынан үлкен мүмкіндік беріліп отыр, — дейді Гүлжан Құлыбекова.

Оның айтуынша, Ақтөбе қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім шаңырақтарында (М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты, «Білім-инновация» лицей-интернаты, облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернаты) білім алып жатқан оқушылардың арасында ауыл балаларының, яғни қазақ тілінде білім алатын оқушылардың үлесі басым.

Қазақмектептерінде бала саны неге азайыпкетті?

2017 жылы облыста қазақ тілінде білім алатын оқушылардың үлесі 76,4 пайыз болған. Тәуелсіздік алған жылдардан бергі мәліметтермен салыстырғанда бұл — ең жоғары көрсеткіш. Дегенмен соңғы жылдары қазақ тілінде білім алатын балалардың пайыздық үлесі азайып кеткен.

2018 жылы қазақ тілінде оқитын оқушылардың саны 76 пайыз болды. Қазіргі көрсеткіш — 75,9пайыз. Яғни 0,4 пайызға азайған.

Соңғы үш жылғы мәліметке сүйенсек, қазақ тілінде оқитын оқушылар саны 7336 балаға көбейген. Дегенме нқазақ сыныптарында білім алушылардың пайыздық үлесі бірте-бірте төмендегені байқалады. Біз сол 2017 жылғы межеге қайта оралуымыз қажет. Қарғалыда қазақ тілінде білім алатын балалардың үлесі 46,8 пайыз. Бұл— өте төмен көрсеткіш. Сол секілді Мәртөк (61,2 пайыз), Хромтау (71,8 пайыз), Ақтөбе қаласындағы (68,7 пайыз) қазақ тілінде білім алушылардың саны облыстың орташа көрсеткішінен төмен болып отыр, — дейді Гүлжан Құлыбекқызы.

Мұның себебі неде?

Біздің ойымызша, мұның екі түрлі себебі бар. Бірі — әлеуметтік желілерде «орыс сыныптарында білім сапасы жоғары» деген ұшқары ойдың таратылуы. Бұл пікірдің нақты дәйектемелері жоқ, негізсіз ақпарат. Дегенмен көпшілік мұның анық-қанығына үңіліп жатпайды. Қазақ тілінде оқитын балалар үлесінің төмендеп кетуіне бұл да себеп болады.

Бұдан бірнеше жыл бұрын латын графикасына көшу мәселесі көтерілген болатын. Соған байланысты көпшілік ата-ана балалары үшін алаңдаушылық білдірді. Қазақ сыныптарындағы бала санының азайып кетуіне осы жағдайда әсереткен болуы мүмкін. Өйткені сол кезде қазақ тілінде білім беретін сыныптар латын графикасына көшірілетіні, ал орыс сыныптары латын графикасына көшірілмейтіні, кириллица сақталатыны айтылған болатын, — дейді білім басқармасының бөлім басшысы.

Қазақ мектебі: кеше және бүгін

1989 жылы «Тіл туралы» Заң қабылданғанда қазақ мектептерінің саны 50 пайызға да жетпейтін еді. Ал қазіргі көрсеткіш — 66,7 пайыз. Сол жылы облыста 185 орыс мектебі болса, қазір содан қалғаны — 22. Балабақшаларда да солай. 1991 жылы балапандардың небары 26 пайызы ғана қазақ топтарында тәрбиеленген болса, қазір  72 пайызы ана тілінде білім алады.

Мемлекет тарапынан мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге ерекше көңіл бөлініп, айрықша мән берілуде. Қазақ мектептерінің, қазақ сыныптарының, балабақшаларда қазақ топтарының көбірек ашылуы — соның айғағы.   Мысалы, 1989 жылы өңірдегі 505 мектепте білім алған 133 905 оқушының 37 пайызы ғана қазақ сыныптарында оқыған болатын. Ал қазір қазақ тілінде білім алушылардың үлесі —  75,9 пайыз. Жалпы облыста 160 864 оқушы бар. Оның 122 127-сі қазақ сыныптарында оқиды.

Кеңес дәуірінде  Ақтөбе қаласында 1 ғана — №6 қазақ орта мектебі жұмыс жасаған болатын. 1990 жылы өңірде барлығы 514 мектеп болды. Соның265-і қазақ тілінде білім берді. Ал қазір облыстағы 405 мектептің 270-і қазақ, 113-і аралас, 22-сі орыс тілінде білім беруде.

Ата-аналардың өтініш-тілектері ескеріліп, соңғы жылдары қазақ мектептерінің саны артып жатыр. Облыста бой көтерген мектептердің басым бөлігі — қазақ мектептері, — дейді Гүлжан Құлыбекова.

Тәуелсіздік алғалы бері облыста 171 жаңа мектеп еңсе тіктеді.Онда 72 мың бала білімалуда. 1991 жылы облыста тұңғыш қазақ гимназиясы ашылса, тәуелсіздіктіңарқасындадарындыбалаларғаарналғанбірнешемектеппайдалануғаберілді. Облыста39 инновациялықмектеп бар (оның 5-еуі ғана орыс тілінде білім береді). Назарбаев зияткерлік мектебі, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған 3 мектеп-интернат, инновациялық режимде жұмыс жасайтын 7 гимназия, 22 мектеп-гимназия, 6 мектеп-лицей ашылды.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button