«Ақтөбе» газетін оқитын үздік ауыл» байқауы Басты жаңалықтар

Мен келін болып түскен жер

«Ақтөбе» газетін оқитын үздік ауыл»

Осыдан 14 жыл бұрын келін болып түскен Талдысай ауылы — облыстық «Ақтөбе» газетін үзбей оқитын ауыл.Мұндағы тұрғындардың газет-журнал, кітап оқуға деген құлшынысы жоғары. Талдысайдағы 115 үй «Ақтөбе» газетін жаздырып алады. Әр санын асыға күтеді. Бұл — әлеуметтік желідегі алып-қашпа арзан әңгімеге емес, газет пен теледидардағы ресми ақпаратқа ғана сенетін ауыл.

2009 жылдан бастап мұнда атқарылып жатқан әрбір істің куәгері болып келемін.

Біздің Талдысай — тұрғындарының ауызбіршілігі жоғары, ынтымағы жарасқан керемет ауыл. Бүгінде ауылымызда да қаладағыдай жағдай жасалып келеді. Тұрғындар ағаш жарып, көмір тасып әуре болмайды. Мұнда газ да, су да бар. Ұялы байланыс желісі де орнатылды. Бүгінде ауылда жаңа мектеп құрылысы жүріп жатыр.

Соңғы жылдары Талдысайда ұлттық құндылықтарымызды насихаттау барысында бірқатар жұмыстар жүзеге асырылды. Мәдениет үйінің ішінде қазақтың киіз үйі қысы-жазы құрылып тұрады. Ұлтымыздың саз байрағы — домбыраға арналған монумент орнатылды. Сондай-ақ ауылда садақ атуға арналған алаң да бар. Бұл жерге ауыл балалары келіп, садақ атудың қыр-сырын үйрене алады.

Үйдегі үлкен-кіші түгел облыстың бас газетін асыға күтеміз.Үйдегі жасы 85-ке келген әжеміз газеттің әр санынүзбей оқиды. Өзге ауылдағы өзіміз секілді тұрғындардың жайын осы «Ақтөбе» арқылы біліп отырамыз. 100 жылға жуық тарихы бар «Ақтөбе» газеті бізге қазыналы қарттың кейпінде көрінеді. Әрбір бетінде, айдарында мол өсиет, тарих жатыр.

Рауза АМАНГЕЛДИЕВА,

Талдысай ауылы,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button