Мәдениет

«Шұғыланың» шырайлы сәті

Өткен аптада Студенттер сарайында «Шұғыла» продюсерлік орталығы құрылғанына 1 жыл толған тойын атап өтті.

Кешке Алматыдан келген белгілі әншілер Еркін Нұржанов, Дәурен Сейітжан, сондай-ақ, театр әртісі Сафуан Шаймерденов қатысып, орталық директоры Рауан Ниязалинге жылы лебіздерін арнап, әндерін шырқады.

Сондай-ақ, туған күн кешінде жұлдызды жұптар Қанат-Света Айтбаевтар, Дулат- Рита Айтжановтар, әнші Асхат Тарғынов, айтыскер ақын Шынберген Сүлейменов және басқа да жаңадан құрылған топтар орындаған жаңа әндер халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әншілер жас болса да үлкен іс атқарып жүрген Рауанға ақ тілектерін арнады.

Жас продюсер бір жылдықты атап өтуге атсалысқан әншілерге алғыс айтып, Наурыз мерекесінің қарсаңында дәстүрлі әншілердің концертін ұйымдастыруды қолға алғанын айтты.

Рауан бір әңгімесінде концерттерде сахнаның безендірілмейтінін айтқан еді. Өзінің өзгелерге үлгі боп, «Шұғыланың» туған күніне арналған кеште сахнаның әдемі көрінуіне аса мән беріп, біраз тер төккені көрініп тұрды.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button